Қазақмыс туралы

Көмір

Компанияға тиесілі қос көмір разрезі ішкі электр станцияларын көмірмен қамтамасыз етеді. 2015 жылы одан алынған көмірдің тек 11.8 пайызы ғана сыртқы тапсырыс берушілерге сатылды. Қалғаны Компанияның ішкі сұраныстарын қанағаттандыруға жұмсалды.

Толығырақ
Электр энергиясы

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-на қарасты энергетикалық тобының өндірістік мақсатын дамыту аясында 2012 жылдың 8-ші қарашасында үш кәсіпорын Қарағанды БЭТС, Жезқазған ЖЭО, және Балқаш ЖЭО «Kazakhmys Energy» ЖШС (Қазақмыс Энерджи) құрылымына енді. Өндірістің негізгі атқаратын қызметтеріне электр энергиясы мен жылуды өндіру жатады.

Яғни «Қазақмыс корпорациясына» қатысты өндіріс нысандарын, сонымен қатар Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш қалалары мен Абай, Топар аудандарын электр энергиясымен және жылумен қамтамасыз ету міндеттелген.

«Kazakhmys Energy» ЖШС (Қазақмыс Энерджи) 01.01.2016 жылғы нақты бекітілген электр қуат күші 930МВт құрайды. 2015 жылы электр бекетімен 6,843 ГВтч электроэнергия өндірілген, оның 48% топтың ішкі айналымына пайдаланылған. Қалған электроэнергия жан-жақты пайдаланушыларға берілген.

«Kazakhmys Energy» ЖШС (Қазақмыс Энерджи) энергетикалық активтері ұзақ уақыттан бері іске қосылған. Балқаш ЖЭО 1937 жылы, Жезқазған ЖЭО 1959 жылы, ал Қарағанды БЭТС 1962 пайдаланылуға енгізілген. Қазіргі таңда өндірістегі тиімділікті арттыру үшін пайдалану шарттары барлық талаптарға сай.

Толығырақ
Мыс өндіру

Біздің қызметіміз мыс және ілеспе өнімдер өндіретін он кенішке негізделген. Қолданыстағы кеніштер негізінен жерасты кеніштері болып саналады. Қазіргі таңда, біз саладағы шығын көлемінің арту тенденциясын жою мақсатында кеніштердің тиімділігін арттыру бағдарламаларын жүзеге асырып жатырмыз.

Бұл бағдарламаларға инвестициялар бөлініп, жұмысшыларымызды техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында оқытып жатырмыз. Мұның бәрі қауіпті жағдайда жұмыс істейтін кеншілерімізге төнетін қатерді төмендету мақсатында қолға алынған шаралар. 2015 жылы біздің кеніштерде 27,8 млн тонна кен өндірілді. Оның құрамындағы мыстың орташа үлесі 0.88%.

Өндірісті кеңейтуге бағытталған негізгі жобаларды жүзеге асырғаннан кейін біздің бизнес өзгеріске ұшырайды. Өйткені, шығынды аз талап ететін жаңа карьерлерден түсетін өнім көлемі артады.

Толығырақ
Кен байыту фабрикалары

Уатылып, ұнтақталған руда кеніштерден компания құрамындағы 6 байыту фабрикасының біріне түседі. Олар мыс өндіретін кәсіпорындарға жақын маңда орналасқан. Қазақмыс фабрикаларында ұсақтап уатылған кен сеператордың бірқатар кезеңдерінен өтіп, мыс қоспасына, яғни, паста тәрізді массаға айналады. Оның құрамындағы мыс үлесі 20 пайызды құрайды. Содан кейін концентрат екі мыс балқыту және тазарту кешендерінің біріне жөнелтіледі.  

Толығырақ
Логистика

Өндірілген мысты жөнелту, өңдеу және сату үшін мықты дамыған логистика қажет. Ол өндіріс процесі барысында орасан зор шикізат көлемін өңдеуге және тасымалдауға мүмкіндік береді. 1,000 шақырымнан астам темір жол мен 2,000 вагон осы логистика жүйесіне кіреді. Компанияның тасымалдаушы инфрақұрылымы ұлттық темір жол желісімен тығыз байланысты. Бұл өнімді сататын рыноктарға оңай жеткізуге көмектеседі.

Толығырақ
Тазарту

Мыс балқыту зауытына түскен концентрат мыс анодтарын алу үшін аса жоғары температурада қыздырылады. Содан соң ол тазартылып катодты мысқа айналады. Бұл – салмағы 60 келі болатын мыс жаймалар. Мысты тазартуға арналған қуаттылық өндірілетін өнім көлемінен бірнеше есе артық. Алдағы уақытты осы қуаттылықтарды негізгі жобалардан түсетін өнімдерді өңдеу мақсатында пайдалану көзделіп отыр.

Сонымен қатар, мыс балқытатын және тазартатын кешендердің қоршаған ортаға кері әсерін едәуір төмендетуге де тұрақты түрде инвестиция бөлініп отырады.

Толығырақ
Мыс өнімдерін дайындау

Жезқазғандағы зауытымызда катодты мысты мыс орамдарына ауыстыруға (конвертерлеу) мүмкіндік бар. Кәсіпорын жылына 50 мың тонна өнім өндіре алады. Ал, аталған өнім негізінен Қытай мен Қазақстандағы клиенттеріміздің тапсырысы бойынша дайындалады.  

Толығырақ
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы:Creatida