БІЗДІҢ ЖОБАЛАР
ҚАЗАҚМЫС. ӨНДІРІСТІ ЖАҢҒЫРТУ
Қазақстан Президенті роботтандырылған заманауи құрылғылармен және автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықталған жаңа машина жасау зауытының өндірістік үдерісімен танысты.
Нысанды аралау барысында Мемлекет басшысына облыстағы инвестициялық жобалардың іске асырылу жоспары баяндалды, сондай-ақ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жұмыстары таныстырылды.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпорын ұжымымен және Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттерімен әңгімелесті. Президент экономиканы дамытудың заманауи үрдісіне сай дуалды білім берудің және мамандар даярлаудың маңыздылығын айтты.