БІЗДІҢ ЖОБАЛАР
ШЫҢ БАСЫНДАҒЫ ТУЛАР
«Егер шын қаласаң, ғарышқа да ұшуға болады» – осындай көңіл-күймен «Kazakhmys Barlau» ЖШС бас директоры Ғалым Нұржанов Гималай кеңістігіне аттанып, Мера Пик (Mera Peak) шыңына шықты.
Mera Peak – Непалдың жоғары треккингтік шыңы, теңіз деңгейінен 6 476 мың метр биікте орналасқан. Сөзсіз, Непалдағы ең көрікті жерлердің бірі. Бұл шыңды бағындыру – таңғажайып көңіл-күй сыйлайды, әрі тәжірибе және өз алдына қиыншылықтары да бар. Геологиялық барлау компаниясының басшысы бұл қиындықтарды еңсерді. Ғалым Нұржановтың айтуынша, сапар оңай болмаған. Таулы треккингтің ережесі бойынша тау басына көлікпен шығуға болмайды. Ал, мұндай жолдан оңай өту үшін ептілік пен физикалық дайындық қажет. Жеті күн бойы салмағы 17 келі тартатын жолдорбасын арқалап, командасымен бірге тек жоғарыға қарай 140 шақырым жол жүрген.
Алайда, жеңіске деген ұмтылыс пен ерік-жігер және туған-туыстары мен әріптестерінің тілегі Ғалым Нұржанов үшін қиындықтарға қарамастан, Гималай тауларына Kazakhmys Holding және Kazakhmys Barlau-дың туларын тігуге деген ынтасын арттыра түсті.
Геологиялық барлау компаниясының басшысы тау треккингі ғана емес, хоккей, волейбол, футбол, рафтинг секілді спорттың басқа да түрлерімен айналысу арқылы салауатты өмір салтын насихаттап, әріптестеріне үлгі көрсетіп жүр. Бұл жетістік – «Kazakhmys» Тобы компанияларының барлық қызметкерлері үшін мақтаныш.
Анықтама үшін:
Таулы треккинг немесе трекинг (ағылш. trekking) — таулы аймақтарды жүріп өтетін жаяу туризмнің бір түрі. Қазіргі таңда треккинг туризмнің ең көп тараған түрлерінің бірі. Саяхатшылар треккинг-тур кезінде жолдорбаларын, төсек-орындарын, шағын палаткаларын, азық-түлігін, дәрі-дәрмегін өздері арқалап, уақытша тоқтайтын орындарын таңдап, ас-ауқатын өздері дайындайды. Мұндай турға шығу үшін түрлі қиындықтарға: шатқалдардағы аспалы көпірлерден, тік жартастар мен тау соқпақтарынан, тасқыннан өтуге дайын болу керек.