БІЗДІҢ ЖОБАЛАР

Қазақмыс ірі чех компанияларының басшыларымен келіссөздер жүргізді


Кездесу Қарағандыда өтті. Чехия Республикасының делегациясын  осы елдің Қазақстандағы елшісі Рудолф Гикл бастап келді. «Қазақмыс Холдинг» ЖШС басшылығымен кездесуге  жер асты қазба байлықтарын өндіруге қажетті жабдықтар шығаратын чехиялық компаниялардың өкілдері қатысты.

 

 

Қонақтар өз кәсіпорындарының мүмкіндіктерін таныстырды, атап айтқанда, ленталық конвейерлер үшін болат роликтер мен кронштейндер шығару, тау-кен өндіру кешендерін әзірлеу, көп жылғы пайдаланудан соң көтеру машиналарын жөндеу, жаңғырту және т.б.

 

 

Өз кезегінде, «Қазақмыс Холдинг» ЖШС директорлар Кеңесінің Төрағасы Эдуард Огай чехиялық компаниялар тарапынан түскен қызықты ұсыныстарды  қарауға уәде берді.



Артқа қайту

© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы:Creatida