БІЗДІҢ ЖОБАЛАР

Әлеуметтік жауапкершілік туралы меморандум


Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қарағанды облысының әкімдігі және «Қазақмыс» корпорациясы арасында үшжақты меморандумға қол қойылды.

 

Меморандум аясында команияда еңбек жасайтын  ең мұқтаж деген отбасыларға, көп балалы және тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға, жас мамандарға, әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Қазақмыс компаниясында 1200 еңбеккер көп балалы отбасы санатына жатады. Былтырғы жылдың соңында бастау алған бұл әлеуметтік жобаның мақсаты- өз баспанасы жоқ отбасыларына көмек көрсету. Тұрғын үй мәселесі 2020 жылдың соңына дейін шешімін табады. Бұл уақыт аралығында ең мұқтаж деген отбасыларына қырық алты пәтер кілті табысталады. Биылғы жылы жиырма отбасы жаңа баспанаға ие болады. Оның ішінде он отбасы бүгін жаңа пәтерлерінің кілттерін алды.

- Іс шара аясында Қазақстанның ірі компанияларын осы әлеуметтік бастаманы қолдауға шақырамыз деп атап өтті. – «Қазақмыс Холдинг» ЖШС  директорлар кеңесінің  төрағасы Эдуард Огай.

 

 



Артқа қайту