Жаңалықтар

«ЖЫЛ ЖҰМЫСШЫСЫ» - БІЗДІҢ КЕНШІ!
29.01.2019

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Батыс кеніші №67 шахтасының қопарушысы – Бекболат Есмағамбетов, Қарағанды облысы әкімінің «Қайнар» жастар сыйлығының «Жыл жұмысшысы» аталымын жеңіп алды.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Батыс кеніші №67 шахтасының қопарушысы – Бекболат Есмағамбетов, Қарағанды облысы әкімінің «Қайнар» жастар сыйлығының «Жыл жұмысшысы» аталымын жеңіп алды.

Лайықты марапат жиырма жеті жастағы маманға өткен аптада, Серік Сәпиев атындағы Қарағанды бокс орталығында өткен салтанатты рәсімде табысталды.

«Қайнар» сыйлығы жастар өкілдеріне жемісті ғылыми, шығармашылық, кәсіби және қоғамдық қызметі үшін тағайындалады.

Биыл бұл сыйлық он аталым бойынша жеңімпаздарға берілді. Комиссия қарауына 115 үміткердің құжаттары келіп түскен. Жеңімпаздардың барлығы да облыс әкімінің сыйлықтарымен, дипломдар және «Қайнар» статуэткасымен марапатталды.

Аталған сыйлық 2005 жылдан бері табысталып келеді. Бүгінде Қарағанды облысындағы 120 дан астам жас осы сыйлықтың иегері атанып үлгерді.

 

 

Владимир ОДИНЦОВ,
Фото автордікі.