Жаңалықтар

Өнертапқыш – бұл ең алдымен басқалар ашқан жаңалықтардың негізінде жаңа техникалық құрылғылар мен әдістемелер жасап шығаратын шығармашыл адам. Олардың көбісі-инженерлер. Мұндай адамдар "Қазақмыс корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде де бар. Солардың бірі, Өндірісті жоспарлау, мониторинг және талдау департаментінің директоры, техника ғылымдарының кандидаты Қуантай Алпысбаев. Дәл осы кісінің атына биыл 29 мамырда "Болат арқандарға арналған дефектоскоп" патенті рәсімделді.
Дефектоскоп ДСК-К-1 болат ферромагнитті сымдарды өндіру немесе қолдану кезінде дайындалған кез-келген конструкциядағы арқандарды бұзбай бақылауға арналған. Сәйкесінше, оны осындай арқандар қолданылатын әрбір кәсіпорында - кеніштерде, шахталарда, лифтілерде, көтеруші крандарда, арқан жолдарда және құрылыс конструкцияларда қолдануға болады. Айта кетейік, корпорацияда мұндай нысандар ондап саналады, ал, бағасы қымбат тұратын бұл арқандардың беріктігі кәсіпорынның жұмысына ғана емес, жұмысшылардың қауіпсіздігіне де тікелей әсер етеді.
–Дефектоскоп жасау туралы идея, шахтада жүргенде арқандарды қолмен ұстап, ұңғының конструктивті элементтерін көзбен көріп тексересің ғой, міне, сол кезде келді,-дейді Қуантай Алпысбаев. – Сол сәтте арқандардың беріктігін тексерудің жұмысшылар жасаған қарапайым әдісін көріп, басқаша тәсіл және бақылаудың приборлық әдістемесін жасап шығару керектігін түсіндім. Бұл біріншіден, ауысым сайын ұңғыға түсіп, шығатын жұмысшылардың қауіпсіздігі үшін, екіншіден кенді үздіксіз әрі тұрақты алу процесі үшін өте маңызды. Оның үстіне мұның барлығы да бірнеше жылдан
бері қарапайым әдіс арқылы бақыланады. Ал, қауіпсіздік біздің негізгі басымдықтарымыздың бірі, өндірістік аспектіні де жоққа шығара алмайсыз.
Қазір кеніштерде қолданылатын болат арқандар пайдалану мерзімінің аяқталуына, яғни тозуына байланысты тағы да көз өлшемімен, маманданған ұйымның стендінде анықталады. Мен мұндай нәзік мәселеде, яғни жұмысшылардың қауіпсіздігін арттырып, жүк көтергіш құрылғыларды пайдалануда приборлық бақылауды қолдану қажет деп санаймын.
– Әлемдік тәжірибеде болат арқандарды сынауда приборлық бақылау қолданыла ма?
– Мен, мысалы оқпаншы қолдана алатын портавтивті приборды базардан көп іздедім. Мұндай аспап қолдануға қарапайым болуы тиіс. Сол арқылы арқандардың жағдайын тексеру кезінде кездесетін "адами факторларды" жойып, бақылаудың сенімділігін арттыруға болар еді. Алайда, ыңғайлы аспапты сол күйі таппадым. Қолданыстағы аспаптардың барлығы ауыр, алып жүруге ыңғайсыз. Міне, осы кезде маған өз ойымдағы портативті аспапты ойлап табу идеясы келді. Қарапайым әрі керемет. Құрылымы
мен ажыратқыш тетік принципін қысқыштан алдым. Датчик- пьезоэлементтер "тау-кен шеберінің аспабы" деп аталатын құрылғыдан алынды. Ал қалғанының барлығы қолдануға ыңғайлы етіп жасалды.
Ең бастысы бұл аспап арқанның жағдайын дәл өлшеуге мүмкіндік береді, ал бағдарламалық қамтамасыз ету – пайдалану талаптарына сәйкес оның беріктігін анықтайды. Бұл жерде диаметріне байланысты есілген арқанның әрбір метріндегі бүлінген сымдардың саны басты назарға алынады.
Аспаптың өзінде арқанның беріктігін бағалайтын бағдарламалық қамтамасыз ету қарастырылған, он-лайн режімде мәліметтер аспаптың мониторына шығып отырады. Сонымен қатар, ақпарат USB-порт арқылы дербес компьютерге беріледі де, арқанның ұзына бойы диаграмма қарауға мүмкіндік бар. Аталған бағдарлама датчикке орнатылған арнайы ролик арқылы арқанның ұзындығын өлшеуді қамтамасыз етеді.
Нәтижесінде – аспап қолдануға өте қарапайым, салмағы орташа - бар болғаны үш келі, сондай-ақ, қауіпсіздік пен жарылғыш қауіпсіздігі талаптарына сай келеді.
Бұл бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастыру үшін қаражат қажет. Жұмысшы прототипін жасау, сынақ және іске қосу - ДСК-К-1 беретін басымдықтарға қызығушылық танытқан ірі компания үшін қолдан келетін шаруа.
Мен жасап шыққан аспаптың біздің компанияда қолданысқа енгенін қалаймын. Өйткені, оның артықшылықтары Қазақмыс өндірісі үшін белгілі жайт, ал егер елімізде жұмыс істеп жатқан өзге салалар қосылатын болса, жаңа дефектоскопқа сұраныс артары сөзсіз.
Владимир Одинцов