Жаңалықтар

ҚАЗАҚМЫС ҒЫЛЫМНЫҢ ОЗЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРІН ӨНДІРІСТЕ ҚОЛДАНАДЫ
07.12.2018

Ғылым және инновация  саласындағы халықаралық ынтымақтастықты арттыру, жуырда "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС астаналық кеңсесінде Басқарушы Кеңестің Бас директоры Бақтияр Қырықпышевтың төрағалығымен өткен кеңейтілген өндірістік  жиналыстың тақырыбына айналды. 

 

Қазақмыс басшылығының бастамасымен өткен жиынға, түрлі елдердегі серіктестердің  басын біріктіретін  Халықаралық инновациялық өндірістік "R&IID" консорциумының өкілдері қатысты. 

      Баяндама жасаған Қазақстан, Ресей және Израиль ғалымдары бірқатар зерттеу тақырыптарын ашып берді, ал, оларды нақты  жүзеге асыру - біздің компания үшін үлкен маңызға ие болуы мүмкін. Жиынға  қатысушылар компаниялардың инновациялық экожүйесін  құру болашағын талқылап, флотациялық реагенттерді трансферттеу және байыту кәсіпорындарында флотомашиналарды  өндірістік-тәжірибелік 

сынақтан өткізу, сондай-ақ, металлургия және байыту процесі кезінде кен тастан сирек кездесетін металлдарды айыру әдісі туралы айтты. Ал, компания құрылымдарының басшылары бүгінде шешімін күтіп тұрған  өндірістік мәселелерді көтерді. 

    Сонымен қатар, жиында  ҚР БҒМ  "Ғылым қоры" АҚ президенті Әнуарбек Сұлтанғазин "Қазақстанның күрделі тау-кен геологиялық жағдайында кен орындарын модельдеу үшін үш өлшемді сейсмобарлау" тақырыбындағы  ғылыми жұмыстардың нәтижесін гранттық қаржыландыру туралы хабарлады. Бұл зерттеулер Тау-кен металлургиялық кешен кәсіпорындарында инновациялық технологияларды енгізуге, геологиялық барлау жұмыстарының тиімділігін арттыруға  және минералды-шикізат базасын нығайту бойынша экономиканың  тау-кен өндірістік саласындағы проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. 


© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы:Creatida