Жаңалықтар

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, «Нұрқазған» жерасты кенішінің жұмысшылары керемет дәстүрге сай, жылдық көрсеткіштерін мерзімінен бұрын орындады.
Мұндай нәтижеге ұжым болып бірлесудің арқасында ғана қол жеткізуге болады. Өйткені, кәсіпорынның барлық учаскелері мен қызметтері бір-бірімен өзара байланыста жұмыс істейді. Әрине, кеніш жұмысшыларының арасында еңбек озаттары мен өз екпінділері бар. Ал, жалқаулар мен масылдар мұнда ұзақ тұрақтай алмайды.
Сандарға мән берейік: 2018 жылдың он бір айында жылына 4 миллион тонна кен өндіру жоспарымен кеніш 4 218 мың тонна берді, жылдық жоспар -105% . Металлдың кендегі үлес салмағы бойынша жоспар 39 200 тоннаны құрады. Негізінде кеншілер 40 850 тонна берді, жылдық жоспар - 104%. Алайда, бұл сандар соңғы емес, себебі оларды бұдан да таңғажайып ету үшін нұрқазғандықтардың алдында әлі желтоқсан айы бар.
Әрине, көрсеткіштерді артығымен орындап шығуға биыл кеніш қабылдаған бірнеше дана, судай жаңа, жерасты жабдықтарының да септігі тиді. Атап айтқанда, үш SOLO бұрғылау қондырғысы келді, екі ТОРО шөмішті тиегіш, бір САТ тиегіші және «Мономатик» бұрғылау қондырғысы. Демек, нұрқазғандықтар өз бастамаларына корпорация тарапынан жасалып жатқан қолдауды жақсы сезінуде. Сонымен қатар, кеніште биыл 100+ көкжиегіндегі жетінші кенді өткізу және блокты конвейер қолданысқа берілді. Бұл өндірілген кенді тасымалдауды біршама жеңілдетті. Жалпы алғанда, ұжымның ертеңгі күнге деген сенімі зор және компанияның жерасты озат кеніші деген атақты абыройды әрі қарай да сақтап қалмақ ниетте.
Дизель учаскесі
Ұңғылау учаскесі
Өндіру учаскесі
Жарылыс учаскесі
Блок дайындау учаскесі
Владимир ОДИНЦОВ,
Қарағанды
Фото автордікі.