Жаңалықтар

ҚАЗАҚМЫС ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫНА СЫЙАҚЫ БЕРДІ
14.12.2018

2018 жылдың өндірістік қорытындысы бойынша,  қалыптасқан дәстүрге сай, "Қазақмыс" Компаниялар тобы өз жұмысшыларына қомақты сыйақы төледі. 

 

Жылдық сыйақы үшін жыл сайын 6 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінеді. Компания - лайықты еңбектің ақысы әрқашан лайықты төленуі тиіс, - деп есептейді. 

  – Барлығыңызға белгілі, "Қазақмыс"– әлеуметтік бағытталған компания. Біздің жұмысшыларымыздың отбасылық жағдайы еңбекақының деңгейіне және біздің қатысымыз бар аймақтың өмір сүру деңгейіне байланысты екенін білеміз,- деген "Қазақмыс"  корпорациясы" ЖШС Басқарушы Кеңесінің Бас директоры Бақтияр Қырықпышев.бұл шешімге түсініктеме берді.  – Біз Президентіміздің бастамасын қолдай отырып, 2019 жылдың  қаңтарынан бастап  компаниядағы еңбек ақыны көтеретінімізді тағы бір рет атап өткім келеді. 


© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы:Creatida