Жаңалықтар

2019 жылы Топар кентінің БТЭС басшылығы тәжірибе ретінде бұрыннан ұмытылған дәстүрді жандандыру мақсатында – станцияның еңбек ұжымдары арасындағы жарыс ұйымдастыруды шешті. Байқаудың басты мақсаты тек болашағы зор қызметкерлерді анықтау ғана емес, сонымен қатар экономикалық нәтиже алу болып табылады.
Үздік ауысым "еңбек жарысы пайдаланушы қызметкерлер арасында өткізіледі. Үздік ауысымды анықтау үшін Ережемен өлшемдер қабылданды,оған сәйкес қол жеткізілген нәтижелер мен жоспарлы көрсеткіштер барынша сәйкес келген жағдайда жеңімпаз анықталады.
- Бізде 3 критерий анықталды: өндірілген электр энергиясының көлемі, өз мұқтаждарына электр энергиясының шығыны және отынның меншікті шығыны. Жоспарланған көрсеткіштер мен вахталарда қол жеткізген көрсеткіштерді салыстыра отырып, біз электр энергиясының өз тұтынуына азаюын көріп отырмыз. Жобаның түпкі мақсаты – энергия ресурстарын үнемдеу, еңбек өнімділігін арттыру, көрсеткіштерді жақсарту, - дейді "Kazakhmys Energy" (Қазақмыс Энерджи) ЖШС өндірістік бөлімінің бастығы Елена Белинская.
Кәсіпорында тәулік бойы жұмыс істеу тәртібі, "А", "Б", "В" және "Г" вахталары бір-бірін ауыстыра отырып, күндіз және түнде еңбек етеді. Бұл ретте барлық ауысымдар тең жағдайда болады, сондықтан қорытынды шығарғанда балдарды есептеу тәсілі қандай да бір түзетулерсіз және артықшылықтарсыз барлығы үшін бірыңғай болып табылады.
Бірінші жарыс айының жеңімпазы станция ауысымының бастығы В. А. Сиротиннің басшылығымен "Б" вахтасы болды. Ауысым барлық үш номинация бойынша абсолютті көшбасшы болды, ол үшін оның ұжымы ақшалай сыйақы алды.
Жыл қорытындысы бойынша ең көп жеңістер саны "Б" вахтасы жеңіп алды, бұл үшін оның қызметкерлері де материалдық жағынан марапатталды.
БТЭС басшылығының пікірінше, вахталар арасындағы жарыстар техникалық-экономикалық көрсеткіштерді жақсарту тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар қызметкерлерді материалдық төлемдермен ынталандырады.