Жаңалықтар

Жуырда, Дүниежүзілік Сапа күні аясында Балқаш аймағы бойынша сапаны бақылау және технологиялық үдерістерді инспекциялау департаментінің қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.
Өңірлік техникалық бақылау және сапа бөлімінде 400-ге жуық қызметкер бар. ТББ ұжымының 85% - әйелдер. Олардың нәзік қолдары күн сайын жүздеген мың тонна өндірілетін кенді іріктеу, өңдеу және талдауға дайындау және кәсіпорындармен шығарылатын тауар өнімдерінің - катод мысы, алтын, күміс, күкірт қышқылы мен қорғасын шаңының барлық көлемін жүргізеді.
Өз әріптестерін сапаны бақылау департаментінің директоры Сұлтан Ордубаев, Балқаш өңірі бойынша техникалық бақылау бөлімінің бастығы Гүлназ Оспанова құттықтады. Сондай-ақ, «Кәсіп Қорған» кәсіподағының төрағасы Григорий Ахримения және де "НұрОтан" партиясының, әлеуметтік бөлімнің, жастар одағының өкілдері, ТББ учаскелерінің бастықтары құттықтау лебіздерін білдірді.
Кәсіпорынның 26 қызметкері "Қазақмыс "корпорациясы" ЖШС сапаны бақылау департаменті, "Нұр Отан" партиясы және жастар одағы басшылығының Құрмет грамоталарымен марапатталды. ТББ ардагерлеріне ерекше көңіл бөлінді.
Салтанатты іс-шара Балқаш өңірі бойынша ТББ қызметкерлерінің күшімен дайындалған тамаша концерттік бағдарламамен жалғасты.
Ляззат Смағұлова.