Жаңалықтар

ФУТЗАЛ ЧЕМПИОНАТЫ
23.10.2019

Өткен аптада Қарағанды "Тұлпар" спорт кешенінде "Қазақмыс Холдинг"ЖШС-нің еңбек ұжымдары атынан қатысқан командалар арасында футзал бойынша турнир өтті.

Өткен аптада Қарағанды "Тұлпар" спорт кешенінде "Қазақмыс Холдинг"ЖШС-нің еңбек ұжымдары атынан қатысқан командалар арасында футзал бойынша турнир өтті.Турнирдің бас жүлдесі «Қарағандытүстімет» өндірістік бірлестігінің бас директоры Динара Нұрекиннің кубогы болды. Жарыс "Кәсіп Қорған" кәсіподағымен және "Jastar Bolashaq"жастар одағымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылардың шақыруына сегіз команда ықылас танытты: Олар Нұрқазған және Қарағайлы байыту фабрикалары, Абыз және Нұрқазған кеніштері, "БТЭС Топар" ЖШС, "Қазақмыс Мэйкер" ЖШС, "IT-автоматика" ЖШС және ҚТМ.

Бірінші орын мен кубокты «Қарағандытүстімет» ӨБ-нің командасы жеңіп алды. Екінші орынды  "БТЭС Топар" ЖШС футболшылары, ал үшінші орынды "Қазақмыс Мейкер"ЖШС құрамасы жеңіп алды. Сонымен қатар, турнир аясында өз командаларына ерекше үлес қосқан ойыншылар анықталды. Үздік шабуылшы Никита Зеленский, үздік қорғаушы Азамат Қасымов, ал үздік қақпашы – Мадияр Қалиев деп танылды.