Жаңалықтар

Қазақмыстың қызметкері "Еңбек Даңқы"белгісімен марапатталды
03.09.2019

Құрметті марапат "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС қауіпсіздік және еңбекті қорғау Департаментінің АҚ және ТЖ бас маманы Қайырбеков Асқар Айтпайұлына өндірістегі апатты жағдайларға мониторинг жүргізгені және жол бермегені үшін берілді.

10 жылдан астам азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маман корпорацияның барлық гидротехникалық құрылыстарын: Шерубай-Нұра (Топар к.), Кеңгір су тораптарын, байыту фабрикаларының калдық қоймаларын, күл үйінділерін, буландырғыш тоғандарды, кеніштердің сүтөкпе учаскелерін және компанияняң басқа да өнеркәсіптік объектілерін қауіпсіз пайдалануды қадағалайды.

Сондай-ақ Асқар Қайырбеков 2013 жылдан бастап "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-де өз авариялық-құтқару қызметтерін құрудың бастамашысы және қатысушысы болып табылады.  Бұдан басқа, бас маманға ТЖ желісі бойынша кәсіпорындарға мониторинг жүргізу, талдау жүргізу және аудит жүргізу міндеті жүктелген.

 

 

Адал еңбегі үшін, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлкен үлесі үшін Асқар Қайырбеков "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Басқарма Төрағасының, ТЖД бастығының және Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығымен Асқар Қайырбеков ведомстволық салалық наградамен - III және II дәрежелі "Еңбек Даңқы" төсбелгісімен марапатталды.