Жаңалықтар

Кеншілер құрметке кенелді
28.08.2019

Айбынды кеншілердің еңбегін еселеуге арналған салтанатты іс-шара Қоңырат ықшамауданындағы №25 орта мектебінің шаңырағында ұйымдастырылды. «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС басшылығы және кеніш майталмандары, өндіріс озаттары бас қосты,  еңбегімен еленген азаматтар мадақталды. 

Алдымен, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС тау-кен байыту кешенінің бас инженері Саят Бакиров сөз алып, кеншілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға қажырлы еңбектері үшін алғысын жеткізді. Сөз соңында, «Кәсіп Қорған» тау-кен металлургиялық кәсіпорындар мен аралас өндіріс жұмысшыларының  салалық кәсіби одағының»  төрағасы атынан қызметте көрсеткен жоғары көрсеткіштері мен көп жылдарғы мінсіз қызметі үшін Қоңырат кенішінің дизель учаскесінің машинистер бригадирі Қайрат Жүнісов пен «ҚОЖ үйінділер» цехының эксковатор машинисі Ерлан Әміртаевқа 3 дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісін табыс етті. Жылдар бойғы еңбектерінің жемісі төс белгіні кеудесіне жарқырата таққан өндіріс майталмандары  осынау өндіріс ошағында тапжылмастан Қайрат Жүнісов 25 жыл, Ерлан Әміртаев 30 жыл қатарынан қызмет етіп келеді. Істерімен үлгі болған, рухы биік, еңбекпен шыңдалған, өз істеріне мығым азаматтар.

Сонымен қатар, жиын барысында Қоңырат кенішінің директоры Думан Қалықбеков, «КәсіпҚорған» кәсіподағы Балқаш кәсіподағы ұйымы Кеңесінің төрағасы Григорий Ахрименя, Қоңырат ықшамауданы ардагерлер Кеңесінің төрағасы Мұрат Абдуллин, «Нұр Отан» партиясы «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалы төрағасы Индира Казанцева, «Жастар одағы» төрағасы Татьяна Авилова, «ҚОЖ үйінділері»  цехының бастығы Рашит Абдуллин кеншілерге ақжарма тілектерін білдірді, еңбек озаттарына марапаттарын ұсынды.

 

 

Өндірістік қызметтегі жоғары көрсеткіштері мен алып өндіріс ошағының әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізген үлесі үшін «Қазақмыс Холдинг» ЖШС директорлар Кеңесі төрағасының атынан Қоңырат кеніші тау-кен учаскесінің шебері Ғ.Жақыповқа, Аймақтық бірыңғай қойма шаруашылығының қойма шаруашылығы учаскесінің аға шебері Т.Түсіпхановқа, «ҚОЖ үйінділері» цехының қожды қабылдау және өндіру учаскесінің бастығы Ә.Әбілпейсовке Құрмет грамота табысталды. Сондай-ақ, дәл осындай  құрмет грамотасымен Қоңырат кеніші дизель учаскесінің САТ-777 автокөлігінің жүргізушілері В.Маршталлер, Қ.Алькенов, машинист Е.Қамбаров, механик С.Ворошкевич, күзетші С.Аманбаев, тау-кен учаскесінің электрослесары Н.Жомартов, энергетик Н.Алтынбаев, тиеуші Б.Абланов, электрлі газ дәнекерлеуші Б.Маханов, сынама алушы Т.Бугаева, эксковатор машинисінің көмекшісі Е.Мұхашбеков, кеніштің бас энергетигі Т.Шерманов, учаскелік геолог Д.Төлеуханов, кенші қызметкерлері А.Жұмағұлов, Н.Сыздықов  марапатталды. «КәсіпҚорған» кәсіподағы төрағасының Құрмет грамотасын Қоңырат кеніші өндірістік қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша инженер Н.Утембетов, дизель учаскесі САТ-777 автокөлігінің жүргізушісі Т.Тоштанайн, машинист Н.Ибрахимов, тау-кен учаскесінің өндірістік және қызметтік үй-жайлардың еден жуушысы К.Калиева, «ҚОЖ үйінділері» цехының жөндеу-механикалық учаскесінің бастығы А.Әмірбаев,  «ҚОЖ үйінділері» цехының қойма меңгерушісі Б.Төлеубекова иеленді. «Нұр Отан» партиясы «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалы атынан дизель учаскесінің машинисі А.Тұрсынбеков, техникалық және инвестициялық жоспарлау бөлімінің бастығы Г.Губанов, тау-кен учаскесінің өндірістік және қызметтік үй-жайлардың еден жуушысы Н.Клементьева, «ҚОЖ үйінділері» цехының  эксковатор машинисінің көмекшісі С.Кубаев, жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету бойынша электрослесарь Д.Сейсекеев Құрмет грамотасына ие болды.

 

 

Сондай-ақ, дизель учаскесінің электрогазодәнекерлеушісі Ә.Нөкербековке,  тау-кен учаскесінің электр берілісінің әуе желілерін жөндеу жөніндегі электр монтері Е.Тауекеловке, «ҚОЖ үйінділері» цехының автокөлік жөндеу бойынша слесары С.Омаровқа, Қоңырат кенішінің өндірістік қойма бөлімінің меңгерушісі Л.Құлжановаға, «ҚОЖ үйінділері» цехының жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету бойынша электрослесары Д.Бажикеевке, тау-кен учаскесінің тау-кен шебері Е.Нұрекинге «Үздік жас жұмысшы» дипломы табысталды.

Кеншілеріміздің құрметіне арналған салтанатты шара сенбі күні еліміздің эстрада жұлдыздары Айдана Меденова мен Абдулкарим Каримовтың және қала өнерпаздарының өнерлерімен жалғасын тапты. Отандық әншілер әннен шашу шашып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

 

Шұғыла ТОЙЫМБЕКОВА