Жаңалықтар

Нұрқазған байытушы күнін атап өтті
01.07.2019

27 маусымда Нұрқазған байыту фабрикасында Байытушы күніне арналған мерекелік концерт болып өтті. 

Бүгінгі күні «Қазақмыс корпорациясында» 4740 байытушы еңбек етеді. Олардың 430-ы Нұрқазған байыту фабрикасында жұмыс істейді.

 

 

Кәсіби мереке құрметіне орай НБФ аумағында жергілікті шығармашылық ұжымның қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Сондай-ақ, фабрика жұмысшылары үшін түрлі спорттық ісшаралар өткізілді.

 

 

 

 

- Осындай мереке жұмысшылардың көңіл-күйін көтеріп, командалық рухты нығайтады. Мейрамның жазға сәйес келгені  жақсы, себебі: футболдан, армреслингтен, арқан тартудан, гір тасын көтеруден жарыстар өткіземіз.  Оның үстіне біздің жұмысшылар өздерінің кәсіби мерекелерін кең көлемде атап өтуге мүмкіндік алды,-деп атап өтті Нұрқазған байыту фабрикасының директоры Олжас Төлеутаев.

 

 

 

Фабриканың 50 шақты жұмысшысы «Кazakhmys Holding (Казахмыс Холдинг) ЖШС басшылығы, Қарағанды облысының әкімі, «Nur Otan» партиясы,  «КәсіпҚорған» кәсіподағының және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Жастар одағының атынан алғыс хаттармен және  ақшалай сыйақылармен марапатталды.