Жаңалықтар

Жеңіс үшін рахмет!
08.05.2019

Балқашта  Жеңістің 74-жылдығы қарсаңында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жанындағы «Нұр Отан» партиясының өкілдері ардагерлермен кездесті. 

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жанындағы «Нұр Отан» партиясы Қарағанды филиалының Балқаш аймағы бойынша өкілі Индира Казанцева «Қазақмыс Мэйкер» ЖШС Энерго-монтаж цехы бастауыш партия ұйымының төрағасы  Мейрам  Байтілеев және  қалалық мәслихат депутаты,  «Балқаш Универсал» ЖШС директоры Азамат Сартаевпен бірге соғыс ардагерлері  – Ыбырайым  Ынтықбаев, Мұқажан Омаров, Рашида Зенькина және  Клавдия Кочетовалардың үйлеріне барды.  

 

 

Делегаттар ардагерлерді Жеңіс мерекесімен құттықтап, жүрекжарды тілектерін білдірді. Қарияларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі. Сондай-ақ, соғыс ардагерлеріне естелік сыйлықтар, гүл дестелері, азық-түлік пен ақшалай сыйақылар табыстады. 

 

Ляззат Смагулова