Жаңалықтар

«ProffSkils Kazakhmys-2019»
26.04.2019

23 - 24 сәуірде, Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күні қарсаңында «Maker» (Мэйкер) ЖШС Қарағанды құю-машина жасау зауытының өндірістік алаңында кәсіби шеберліктен «ProffSkils Kazakhmys» I Чемпионаты өтті.  Сайыс токарлар, газ-электр дәнекерлеушілер және фрезершілер арасында ұйымдастырылды.

 

Үздік шебер атағын жеңіп алу үшін мамандар Балқаштан, Жезқазғаннан, Сәтбаевтан және Қарағандыдан келді. Қарағанды құю-машина жасау зауытының аумағына барлығы 76 қатысушы жиналды:  37 газ-электр дәнекерлеуші,  29 токар және  10 фрезерші.

 

 

«ProffSkils Kazakhmys» чемпионатының ұйымдастырушылары «КәсіпҚорған» кәсіподағы және «Maker» ЖШС.  Кәсби шеберлік  сайысының басты мақсаты – Холдинг жұмысшыларын өзін-өзі жетілдіруге, дамуға, тәжірибе алмасуға және озық еңбек әдістерін әрі қарай  таратуға ынталандыру. 

 

 

Сайыс теориялық және тәжірибелік деп екі бөлікке бөлінді.  Бірінші кезеңде барлық қызметкерлер қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау және мамандық бойынша сұрақтарға жауап бере отырып,  жазбаша тест тапсырды, Ал, тәжірибелік бөлігінде қатысушылар өздерінің жұмыс дағдыларын көрсетті. Жеңімпазға қойылған басты талаптар  – қауіпсіздік техникасын сақтау, орындалған жұмыстың сапасы және үздік уақыт. Еңбек өтілі, разряд және қатысушының жасы есепке алынбайды.

 

 

Чемпионат қорытындысы бойынша әрбір еңбек тәртібінің жеңімпаздары анықталды. Олар:

1. Резван Идрисов, «Maker» (Мэйкер) ЖШС  Қарағанды құю-машина жасау зауытының токары

2. Николай Киев, «Maker» (Мэйкер) ЖШС  Қарағанды құю-машина жасау зауытының газ-электр дәнекерлеушісі

3. Владимир Книппенберг, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Байыту-өндірістік кешенінің фрезершісі

 Екінші және үшінші орындарды жеңіп алғандар: Александр Вервейн, Константин Гринчик, Мұхамбет Ағайдаров, Владимир Бушмакин, Жақия Нұрмағанбетов және  Руслан Әкімжанов.

 

 

Негізгі жүлделі орындардан бөлек, үздік шыққан қатысушылар   «Жеңіске деген жігері үшін», «Таңдаған мамандығына берілгендігі үшін», «Кәсіби шеберлігі үшін», «Табандылығы және еңбексүйгіштігі үшін» аталымдарымен марапатталды.  

   «ProffSkils Kazakhmys» I Чемпионатының барлық қатысушыларына Холдинг басшылығы атынан  ақшалай сыйақылар мен алғыс хаттар табыс етілді.