Қазақмыс тарихы

Қазақмыс – әлемдегі ең ірі мыс өндірушілердің бірі. 100 жылға жуық тарихы бар компанияның ең алғашқы кәсіпорындары мен кеніштері 20-ғасырдың басында ашылған болатын.

   

2018 – ҚАЗАҚСТАН  ПРЕЗИДЕНТІНІҢ  ҚҚМЗ-ға САПАРЫ

Глава государства ознакомился с производственным процессом Карагандинского литейно-машиностроительного завода ТОО «Maker», оснащенного современным роботизированным оборудованием и автоматизированной системой управления.В ходе посещения объекта Нурсултана Назарбаева ознакомили с планами реализации инвестиционных проектов в области, а также провели презентацию о деятельности ТОО «Корпорация Казахмыс».

 

2018 – ЕКІНШІ КЕН ҚЫЗДЫРУ ПЕШІНІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАҢҒЫРТУ

«Қазақмыс Холдинг» ЖШС құрамына кіретін  «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытында 10 жылдық үзілістен соң екінші кен қыздыру пеші өз жұмысын қайта бастады. Оны іске қосуға «Қазақмыс»  компаниялар тобының шикізат базасының ұлғаюы, оның ішінде  «KAZ Minerals» ЖШС жаңа тау-кен-байыту нысандарының пайдалануға берілуі негіз болды. Нәтижесінде зауыттың жобалық қуаты артты,  жылына 220 мың тонна катодты мыс шығаруға  қауқарлы.

 

2017 – ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ

 «Қазақмыс корпорациясында» «Project Management Professional» (Жобаларды басқару маманы) сертификациясынан өтетін алғашқы үміткерлер белгіленді. РМР атағының иегерлері жобаларды басқару саласындағы ірі әрі маңдайалды сертификатталған мамандар қоғамдастығының мүшелері болып саналады. «Қазақмыс корпорациясының» іріктеу тестілеуден  өткен алты қызметкері осы оқуға үміткерлер қатарында.

 

2016 – С. А. БУБНОВСКИЙ  КИНЕЗИТЕРАПИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ

«Қазақмыс» компаниясының қаражаты есебінен Жезқазғандағы Медициналық орталықта дәрігер Сергей Михайлович Бубновскийдің әдісімен бірегей  кинезитерапия Орталығы ашылды. Жобаның құны – 82 миллион теңге.

Орталықтың мақсаты: компания жұмысшылары  мен аймақ тұрғындарын және тіреу-қозғалу аппараты ауруына шалдыққандарды сауықтыру, оның ішінде  «Қазақмыс корпорациясы» жұмысшыларының алғаш рет мүгедектікке шығу көрсеткішін  30% ға азайту, әрі қарай да төмендету.

Орталық италиялық жаттығу құрылғыларымен және Бубновский көпфункциялы жаттығу құрылғыларымен  жабдықталған. Дәрігерлік мекемеде остеохондрозды емдеу және алдын алу, омыртқааралық жарықты, артрозды, артритті, сколиозды және басқа да ауруларды емдеу жүргізіледі. Орталықта жарақаттан кейін кеншілердің бақылау тобын оңалту және профилактикалық емдеу шаралары өткізіледі.

 

2015 – ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ

«Жезқазғантүстімет», «Қарағандытүстімет» және «Балқаштүстімет» өндірістік бірлестіктерінің тау-кен кәсіпорындары  басқару аппараты Жезқазған қаласында орналасқан Тау-кен өндірістік кешені болып қайта ұйымдастырылды.

 

2015 –ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ СЫНАУ

«Қазақмыс корпорациясы» аз сульфидті мыс кеніннен концентраттар өңдеу бойынша инновациялық технологияларды тәжірибелік-өнеркәсіптік сынау жұмыстарына кірісті.  Гидрометаллургияны енгізу мыс құрамы төмен кенді игеруге және шикізат базасын толтырып,  Жезқазған  алаңының өндірістік қызметін 50 жылдан астам уақытқа ұзартуға мүмкіндік берді.

 

2015 – «Атомэнергомаш» және  «Kazakhmys Energy» ынтымақтастығының басы

«ЗИОМАР» инжинирингтік компаниясы («Росатомның» машинажасау дивизионы – «Атомэнергомаш» АҚ-на қарайды, Ресей) және «Kazakhmys Energy» ЖШС қазақстандық компанияның энергетикалық нысандарындағы құрылғыларды жаңғырту саласында қызмет көрсету туралы келісімге қол қойды.  Аталған құжат зерттеу жүргізуді, техникалық шешімдер әзірлеуді, жобалауды, қазандық жабдықтарын өндіру және жеткізуді, сонымен бірге сервистік қызмет  көрсетуді қарастырады.

 

2011-2012 – ӨНДІРІС ҚУАТЫН АРТТЫРУ

2011 жылы Директорлар кеңесі Бозшакөл кенішін игеру туралы құжаттарды бекітті. Бұл ауқымы жағынан да, өндіру көлемі жағынан да посткеңестік кеңістіктегі аса ірі тау-кен жобасын болып табылады. Оны игеру сол жылы басталып та кетті. Ал, мыс алу 2015 жылға белгіленген. Топтың екінші даму жобасы – Ақтоғай мысын да дәл сол жылы алу көзделіп отыр. Жоба 2012 жылы іске қосылды. Жобалардың екеуі де ұзақ уақыт пайдалануға мүмкіндік береді және тәуекел деңгейі төмен. Бұл біздің бизнесіміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, құнын арттырады. Ашық карьерлерді іске қосу арқылы Топ 2016 жылға қарай өндіріс көлемін 60 пайыз арттырып, өндіріс сапасы мен тиімділігін, қауіпсіздікті айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік алады.

2012 жылы Екібастұз ГРЭС-1 станциясындағы ауқымды инвестициялық бағдарлама шеңберінде №8 энергетикалық блок іске қосылып, станцияның ток өндіру қуатын 3 000 МВт жеткіздік.

 

2011 – ГОНКОНГ ҚОР БИРЖАСЫНЫҢ ЛИСТИНГІНЕ ЕНУ

Гонконг қор биржасының қайталанба листингіне ену компанияның Азиядағы ықпалын арттыру стратегиясының бір бөлігі ғана.

 

2010-2011 – ДАМУ ЖОБАЛАРЫНЫҢ ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Қазақмыс Қытай Даму банкі және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-мен 4 млрд доллар көлемінде қамсыздандырылмаған несие желісін алу туралы келісім бекітті. Бұл қаржы өндіріс ауқымын кеңейтуге бағыттьалған жоспарларды жүзеге асыруға, соның ішінде, негізгі Бозшакөл мен Ақтоғай жобаларын салуға жұмсалмақ.

 

2008 – АКТИВТЕРДІ ӘРТАРАПТАНДЫРУ

Қазақмыс Қазақстандағы көмірмен жұмыс істейтін «Екібастұз ГРЭС-1» электр станциясын сатып алды. Салынған 1 млрд доллар инвестицияның арқасында бес жылдан кейін электр станциясының қуаттылығы артады. 2011 жылы Компания электростанциядағы үлесінің 50 пайызын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-на сатты. Бұл шешім 2008 жылдың мамырында аталған электр станциясын сатып алу барысында қабылданған болатын. 
Сондай-ақ, компания Eurasian Natural Resources PLC (ENRC PLC) корпорациясының қосымша акция пакетін сатып алып, ондағы үлесін 26 пайызға дейін арттырды.

 

2006 – ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЗАҚМЫС АКЦИЯЛАРЫН САТУ БАСТАЛДЫ

Қазақмыс Қазақстан экономикасының дамуына ықпал еткісі келетінін көрсету мақсатында өз акцияларын Қазақстан қор биржасына шығара бастады.

 

2005 – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИРЖАҒА ШЫҒУ

2005 жылдың қазанында Қазақмыс өз акциясын Лондон қор биржасына орналастырған Қазақстандағы тұңғыш компания атанды. Сол жылдың желтоқсан айында корпорация Ұлыбританияның ірі листингтік компаниялар тізіміне (FTSE 100) енгізілді.

 

1997 – «ҚАЗАҚМЫС» КОРПОРАЦИЯСЫ

Жаңа компания – «Қазақмыс» корпорациясының қалыптасу кезеңі. 2005 жылға дейін компания даму кезеңін бастан кешті, кеніштер мен кәсіпорындарды игерді, интеграцияланған өндіріс орнын құру үшін активтерін шоғырландырумен айналысты. Қазақмыс әлемдегі мыс өндіретін ірі интеграциялық компанияға айналды.

 

1995 – ҚОЖАЙЫННЫҢ АУЫСУЫ

Компанияны Корейдің Самсунг корпорациясы басқаруға кірісті. Үкімет КСРО тарағаннан кейін қиын жағдайға тап болған комбинаттарды қалпына келтіру мақсатында инвесторлар, инвестициялар мен тәжірибесі мол шетелдіктерді тарту үшін осындай қадамға барды. 1996 жылы Самсунг корпорациясы Қазақмыс компаниясы акциясының 40 пайызын сатып алды. Кейін оны сатып жіберді.

 

1992 – ҚАЗАҚМЫСТЫҢ ҚАЙТА ТҮЛЕУІ

Қазақстан үкіметі «Жезқазғанцветмет» АҚ деген атаумен компания құрды. Кейін қуаттылықты қалпына келтіру, рентабельділігін арттыру және инвесторлар тарту мақсатында жеке меншікке берілді.

 

1971 – ЖЕЗҚАЗҒАН МЫС БАЛҚЫТУ ЗАУЫТЫН АШУ

Мыс балқытатын «Жезказганцветмет» ӨБ іске қосылды.

 

1938 – БАЛҚАШ МЫС БАЛҚЫТУ ЗАУЫТЫНЫҢ АШЫЛУЫ, ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ МЕН ЖЕЗҚАЗҒАН КОМБИНАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

1931 жылы сәуір айында «Цветметзолото» басқармасы Балқаш көлі аумағында пирометаллургиялық зауыт салу туралы шешім қабылдады. 1938 жылы Балқашта ең бірінші отандық қара мыс өндіріліп, сол жылы анодты мыс құйылды. Ай сайын БМЗ 19-20 мың тонна қара мыс балқытады. 1938 жылдың 10-ақпанында шыққан №50 бұйрықта жаңа зауыт құрылысына тездетіп кірісу туралы тапсырма берілді. Онда Жезқазған комбинатының жаңа шахталары, байыту фабрикалары, жаңа қалашық пен мыс балқыту зауытын жобалау және салу мәселелері қамтылды. Комбинат, ең алғашқы 5 шахта мен карьерлер 1943 жылы-ақ жұмысқа кірісіп кетті. Ал, құрылыс 1958 жылы толықтай аяқталды.  

 

1929-1931 – ЖЕЗҚАЗҒАНДЫ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ

1927 жылы Қ.И.Сәтпаевтың «Қарсапқай ауданы және оның келешегі» атты жұмысы жарияланды. Онда ғалым Жезқазған кенішін зерттеу мен барлаудың маңызы туралы жан-жақты мәлімет береді. 1929 жылы ғалымға аталған өңірдің қойнауын геологиялық барлау жұмыстары жүктеледі. Ол жетекшілік ететін геологтар ұжымы 1931 жылдың соңында Жезқазғанда аса ірі мыс қоры барын растап берді.

 

1928 ЖЫЛ – ҚАРСАҚПАЙ МЫС БАЛҚЫТУ ЗАУЫТЫН ІСКЕ ҚОСУ

Жезқазған кеніштерінен алынған ең алғашқы қара мыс балқытылды.

 

1928 ЖЫЛ – ҚОҢЫРАТ МЫС КЕНІШІНІҢ АШЫЛУЫ

Академик Михаил Петрович Русаков Қоңырат мыс кенішін ашты. Кейін ол Балқаш кешенінің негізгі құрамдас бөлігіне айналды.

 

1913 ЖЫЛ – ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ ЕҢ АЛҒАШҚЫ ТАУ-КЕН ЖҰМЫСТАРЫ

Жезқазған кенішінде ең алғашқы ауқымды тау-кен жұмыстары басталды. Сонымен қатар, мыс рудасы ағылшын азаматы «Лесли Уркарт басшылық еткен «Спасск акционерлік қоғамының» Сарысу кен байыту фабрикасында өңделіп, дайын өнімге айналдырылды. Кәсіпорын 1920-шы жылдары Қазан төңкерісінен кейін мемлекет меншігіне өтті.