Қазақмыс тобының «Біз – Қазақмыс» онлайн-платформасын пайдалану Ережелері

Осы Ережелерде қолданылатын негізгі түсініктер:

1) Пайдаланушы – онлайн-тұғырнамада тіркелген, "Өзекті сауал" бөлімінде сұрақ қоюға, дауыс беруге және мақалаларға пікір білдіруге құқығы бар Қазақмыс тобына қарасты кез келген кәсіпорнының қызметкері.

2) Сайтқа кіруші – онлайн-платформаға «тек оқу үшін» кіре алатын, тіркелуге және жарияланған материалдар жөнінде пікір білдіруге құқығы жоқ, «Жанды сұрақ» бөліміне қатыса алмайтын жеке тұлға.

3) Платформа әкімшілері Баспасөз қызметі "Корпорация Казахмыс" ЖШС.

 

1. Жалпы ережелер

1.1. Платформаның мақсаты – Компаниядағы жұмысшылар мен басшылық арасында кері байланыс орнатып, қызметкерлерді жаңалықтармен, Компания мен оның құрамындағы кәсіпорындар қызметінен құлағдар етіп отыру.
1.2. Онлайн-платформаның мақсатты аудиториясы – Компания қызметкерлері. Жарияланған материалдар туралы пікір білдіру және дауыс беру құқығы Қазақмыс тобы құрамына кіретін кәсіпорындардың қызметкерлеріне ғана беріледі. Ол үшін әрбір қызметкер Платформада тіркелуі тиіс.
1.3. Платформаны күту құқықтары, сондай-ақ, тіркелген қатысушылар (Пайдаланушыар) орналастырған ақпараттың бәрі Платформа қожайынының меншігі болып табылады.
Платформаға белгілі бір ақпаратты орналастырған Пайдаланушы не/немесе әкімші оның шындыққа сәйкестігі мен Қазақстан республикасындағы заң талаптарына сәйкестігі үшін жауап береді.
1.4. Платформа әкімшілері қатысушыға тиесілі жеке мәліметтерді (тіркеу барысында ұсынылған мәліметтер) құпия ұстайды. Алайда, Ережелерді өрескел бұзған Пайдаланушылар бұл талаптың қатысы болмауы да мүмкін. Ондай жағдайда кез-келген мәлімет заң бұзған адамның Платформаға кіру мәселесін шешу үшін пайдаланылуы мүмкін.
1.5. Бұл ережелер платформаға қатысы бар, авторизациясы ортақ барлық ресурстарда және алдағы уақытта жасалатын ресурстардың бәрінде қолданылады.
1.6. Платформаға өзгертулер енгізген жағдайда Әкімшілер Пайдаланушыларға 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.
Әкімшілер Пайдаланушыларды құлақтандыру үшін тіркеу барысында көрсетілген e-mail мекен-жайға хат жолдайды.
1.7. Платформа әкімшілері кез-келген адамның Платформаға кіруіне тыйым сала алады және оның себебін түсіндірмейді.

 

2. Тіркеу

2.1. Пайдаланушыны платформаға тіркеу тегін және ерікті түрде жүзеге асырылады.
2.2. Пайдаланушы тіркелу барысында өзі туралы (аты-жөні, жұмыс істейтін орны мен қызметі, байланысу үшін қажетті мәліметтер) нақты және шынайы мәлімет беруі тиіс. Бұл мәліметтер пайдаланушының Топ қызметкері мәртебесін растау үшін қажет.
2.3. Әкімшілер платформаға жаңа Пайдаланушыны қабылдау мәселесін шешу барысында оны авторизациялаудан бас тарта алады немесе қосымша ақпар талап етеді. Әкімшілер бас тарту себебін түсіндіруге міндетті емес.
Пайдаланушы тіркелу барысында берілген мәліметтердің шынайылығы, нақтылығы, толықтығы мен Қазақстан республикасының заңдарына сәйкестігі үшін жауап береді.
2.4. Тіркелу барысында Пайдаланушы платформаны пайдалану мен оның қызметіне қатысты Ереже талаптарымен келісетінін растайды.
2.5. Тіркеу процесінде берілген мәліметтер Қазақмыс тобының құрамына кіретін компаниялардың кадр бөліміндегі мәліметтермен салыстырылады. Соған байланысты авторизациялауға белгілі бір уақыт кетуі мүмкін.
2.6.Қазақмыстың корпоративтік поштасынан келген тіркеу туралы сұраныстар бірінші кезекте расталатын болады.

 

3. Пайдаланушылардың құқықтары

Пайдаланушылар:

3.1. «Жанды сұрақ» бөліміне сұрақтарын орналастыруға, өткізілетін сауалнамаларға қатысуға, жарияланған материалдарға қатысты өз пікірін білдіруге, нақты өмір мен Интернет желісіндегі жалпыға ортақ мінез-құлық талаптарын сақтай отырып, қолындағы ақпармен бөлісуге және Қазақстан республикасының заңдары мен осы Ережелер арқылы рұқсат етілген басқа да әрекеттер жасауға құқылы.
3.2. Платформа әкімшілеріне өзге пайдаланушылардың іс-әрекеттері туралы хабарлауға, шағымдануға құқылы.
3.3. Қазақстан республикасының заңдарына сәйкес, кез-келген материалды орналастырған Пайдаланушы оның авторы және (немесе) меншік иесі болып саналады. Олай болмаған жағдайда мәлімет алынған бастапқы дерек көзіне сілтеме жасалуы тиіс.


4. Платформа әкімшілерінің құқықтары

Платформа әкімшілері:

4.1. Осы Ережелерді бұзған Пайдаланушыларға ескерту жасауға және іс тығырыққа тірелген жағдайда аккаунт жұмысын тоқтатуға құқылы.
4.2. Пайдаланушылардың хабарламалары этика, мораль түсініктері мен Қазақстан республикасының заңдарына қайшы келген жағдайда оларды жарияламауға немесе редакциялап жариялауға (пре-модерация) құқылы. Ондайда хабарламаның тұсына әкімші тарапынан редакцияланды деп жазылады.
4.3. Әкімшілік барлық Пайдаланушылардың жеке хаттары мен олардың жеке басына қатысты мәліметтерді құпия ұстайды (Қазақстан республикасының заңдарында тікелей атап көрсетілгеннен басқа жағдайда).

 

5. Шектеулер

Платформада мыналарға тыйым салынады:

5.1. Әкімшілердің атынан жазу.
5.2. Өзге пайдаланушы туралы жеке мәліметтерді (аватар, жеке ақпарат) өз атынан жариялау.
5.3. Коммерциялық құпия болып саналатын және/немесе Қазақмыс тобының қызметіне қатысты құпия, қызметтік мәні бар мәліметтерді жариялау.
5.4. Өзге пайдаланушылардың құпия мәліметтерін ашу, соның ішінде, олардың жеке хаттары мен жазбаларын, мәлімет иесінің келісімінсіз ол туралы жеке деректерді немесе фотосуреттерді жариялау.
5.5. Әкімшілерге ескертпей және олардың рұқсатынсыз өзінің жеке логині мен паролін басқа пайдаланушыға беруге болмайды.
5.6. Әкімшілерді ескертпей және олардың рұқсатынсыз платформада жарнама беруге тыйым салынады.
5.7. Жалған профайл ашуға, өмірде жоқ адамдарды тіркеуге, тіркеу барысында сұралатын мәліметтерді бұрмалап беруге болмайды.
5.8. Аватар ретінде (негізгі иллюстрация) эротикалық, порнографиялық сипаттағы, зорлық-зомбылық пен кісі өлтіру көріністерді, адамдар мен малдың мәйіті бейнеленген суреттерді пайдалануға тыйым салынады. Мұндай жағдай анықталғанда Пайдаланушының аккаунты аватарды ауыстырғанға дейін жабылады.
5.9. Қазақстан республикасының заңдарына қайшы келетін кез-келген материалды (порнографиялық сипаттағы, фашизмді, нәсілшілдікті, ұлтшылдықты насихаттайтын, кісі өлтіру мен зорлық-зомбылық бейнеленген материалдар, мемлекеттік құрылымды күштеп құлатуға шақыратын, есірткі пайдалануға үгіттейтін, компьютердегі ақпараттарды заңсыз алу жолдарын сипаттайтын, педофилия, некрофилия сынды өзге де азғындықтар, суицид бейнеленген материалдар, қару-жарақтың, жарылғыш зарттардың және оларды жасау жолдарының таралуына әсер ететін материалдар) жариялауға тыйым салынады.
5.10. Тыйым салынған сөздерді пайдалана отырып (немесе ондай лексиконсыз), нақты бір адамды тікелей қорлайтын немесе оған қоқан-лоққы көрсететін материалдарды жариялауға болмайды. Әкімшілер мұндай фактіге қатысты ақырғы шешімді жәбірленген тұлғаның шағымы бойынша қабылдайды.

Платформада мазмұны төмендегідей материалдарды жариялауға тыйым салынады:
5.11. Қолданыстағы заңдарды бұзуға шақыратын, нәсілшілдік сипаттағы ой-пікірлерді, ұлтаралық және әлеуметтік алауыздық тудыратын, жалпы, ҚР қазіргі заңдарына қайшы келетін барлық материалдар;
5.12. Қасақана жалған жазылған, кісінің ар-ожданын аяққа таптайтын, дөрекі, әдепке жат элементтері бар хабарламалар;
5.13. Дөрекі сөздер, тыйым салынған сөздер мен біреуге тіл тигізетін материалдар;
5.14. Кәмелет жасына толмағандардың құқығына нұқсан келтіретін материалдар;
5.15. ПҚылмысты насихаттайтын немесе қылмыс жасауға кеңес беретін, нұсқаулықтар беретін материалдар.
5.16. Алаяқтық сипаттағы материалдарды жариялауға болмайды.
5.17. Ереженің осы баптарын бұзған Пайдаланушылар платформадан кешікпей шығарылады, бұл шешім қайта қаралмайды және оның платформаға қайта кіруіне рұқсат етілмейді. Платформа әкімшілері қажет болған жағдайда қосымша тексеруге құқылы.

 

6. Пайдаланушылардың мінез-құлық ережелері:

6.1. Пайдаланушылар бір-біріне және платформа әкімшілеріне, олардың ой-пікірлеріне құрметпен қарауға міндетті;
6.2. Дау туындаған жағдайда пайдаланушылар арандатушылыққа ермей, жамандыққа жамандықпен жауап бермеуі тиіс. Платформаның беделіне нұқсан келтіретін оқиға туындаған жағдайда «әкімшіге шағымдану» деген тетікті басыңыз.

 

7. Жауапкершілік

7.1. Платформаны пайдалану барысында Қазақстан республикасының заңдары мен осы Ереже талаптарын бұзған Пайдаланушы заңдар мен осы Ережеде көрсетілген тәртіп бойынша жауап береді.
Пайдаланушыны жауапқа тарту туралы шешімді платформа әкімшісі қабылдайды.
7.2. Ережені бұзған сайын Пайдаланушыға ескерту жасалады немесе платформаға кіру құқығынан айырылады.
7.3. Үш рет ескерту алған Пайдаланушының аккаунты күшін жояды және платформаға кіру мүмкіндігінен айырылады.
7.4. Қолданылған жазамен келіспеген жағдайда Пайдаланушы Платформа әкімшісіне шағымдана алады Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.