БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚТАР

Күн сайын компанияның өмірінде көптеген оқиғалар болып жатады. Бұл бөлім - Қазақмыс тобының, оның кәсіпорындары мен адамдары тарихының айнасы іспеттес. Оқыңыздар, талқылаңыздар. Сіз осы бөлімнің авторы атана аласыз - info@mykazakhmys.kz мекенжайына өз материалдарыңызды жолдаңыздар.

Қазақмыс Тобы қайта ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруда

Қазақмыс Тобы қайта ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруда

Kaz Location Map kz small

Қазақмыс Тобы Шығыстүстімет кәсіпорындарын «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС құрамынан шығарып Қазақмыс ПЛС жариялық компания құрамындағы өз алдына дербес заңды тұлға ретінде қайта ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруда. Жезқазғантүстімет, Қарағандытүстімет өндірістік бірлестіктерінің, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС мен «Қазақмыс Энерджи» ЖШС-нің активтері «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің құрамында қалады және өз қызметін жариялық емес, жеке компания ретінде жалғастырады.

Директорлар кеңесі мен Қазақмыс Тобының атқарушы басшылары осындай принцип негізінде қайта ұйымдастыру активтердің ұзақ мерзімді табысты дамуы үшін қажетті жағдайды қамтамасыз етеді деп пайымдайды.

Ықтимал қайта ұйымдастыру ісі Қарағанды өңіріндегі кәсіпорындарға тәуелсіз құрылым құрамында жариялық компанияның қаржылық ауыртпалықтарын көтерместен өз алдына дербес инвестициялық саясат жүргізуге мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде Қарағанды облысындағы активтерді модернизациялауға, ресурстардың орнын толтыруға және ұлғайтуға оңды әсер етеді. Владимир Ким екі компанияның да басты акционері болып қалады.

Топ аталмыш жоспарлар акционерлердің жалпы жиналысының мақұлдауын қажет етеді, ал ықтимал қайта ұйымдастыру жөніндегі шаралардың кейбіреулері, соның ішінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру мәселесі реттеуші органдарда келісуі тиіс екенін атап көрсетеді. Қазақмыс Тобы осындай сценарий бойынша қайта ұйымдастырылған жағдайда кәсіпорындар жабылмайды, еңбең ұжымы қысқартылмайды және еңбек шарты өзгеріске ұшырамайды.

«Біз 2013 жылы металдар нарығындағы қолайсыз жағдаят кезеңінде Топтың операциялық шығындарын азайту саясаты аясында қолданыстағы өндірісті оңтайландыруға бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асырдық. Топтың активтерін қайта ұйымдастыру осы бағыттағы жұмысымыздың жалғасы болып табылады. Біз бұл сценарий жариялық компанияның тартымдылығын арттырады, сонымен қатар ресурстық қоры кемел активтер үшін уақытылы инвестициялық мүмкіндіктер ұсынады, сөйтіп әрбір өңірдің өз алдына өндірістік тіршілігін айтарлықтай ұзартудың кепілі болады деп пайымдаймыз.

Мұнымен қатар біз барлық тараптардың, оның ішінде қызметкерлеріміздің, жергілікті тұрғындардың, Қазақстандағы орталық, жергілікті және құзырлы билік органдарының мүдделерін толық ескеруге тырысамыз. Біздің пікірімізше, бұл шара екі компания үшін де жаңа мүмкіндіктерге жол ашады және Қазақмыс Тобы үшін ең ұтымды шешім»,- деп мәлімдеді Қазақмыс Тобының Басқарушы бас директоры Олег Новачук.

 

У вас нет прав для отправки комментариев