Кіру / Тіркеу

БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚТАР

Күн сайын компанияның өмірінде көптеген оқиғалар болып жатады. Бұл бөлім - Қазақмыс тобының, оның кәсіпорындары мен адамдары тарихының айнасы іспеттес. Сіз осы бөлімнің авторы атана аласыз - info@mykazakhmys.kz мекенжайына өз материалдарыңызды жолдаңыздар.

Ән салушы таланттар

Ән салушы таланттар

Da

Балқашта,  «Қазақмыс  Смэлтинг» ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің жұмысшылары  арасындағы  «Смэлтинг дауысы»   музыкалық байқауының екінші және үшінші іріктеу турлары өтті. 
 
Шара алғашқы Балқаш қара мысының алынғанына 80 жыл толу мерейтойын атап өту аясында ұйымдастырылып  отыр. Екінші турға 71 конкурсанттың 25-і өтті. 
Бірнеше сағат бойы Балқаш және Жезқазған жұмысшылары Хамзин атындағы Металлургтер сарайында вокалдан бақтарын сынады. Сахнада халықтық әндерден бастап заманауи  әндерге дейін шырқалды. Мұндай ауқымды музыкалық сайыс «Қазақмыс  Смэлтинг» ЖШС қызметкерлері арасында алғаш рет өткізілуде. Екінші турдың нәтижесінде 8 конкурсант үшінші турға шықты.
 
da1
 
Байқаудың үшінші ақтық туры Желтоқсан көшесінің бойындағы алаңда өтті. Жартылай финалға шыққан 8 қатысушының арасынан  үш орындаушыны кәсіби қазылар алқасы жоғары бағалап, «Смэлтинг дауысы» музыкалық байқауының ақтық сынына шықты. Олар - Дидар Мақажанов (БМЗ МБЦ жөндеу тобының слесарь-жөндеушісі); Дильшат Әлменбаев (ЖМЗ МБЦ шлак тазалаушысы) және  Ринат Қонақбай (БМЗ ШДЦ кран қызметінің слесарь-жөндеушісі). Кімнің ақтық сайыста  бағы жанып,  «Смэлтинг дауысы» атағын жеңіп алатыны металлургтер күнінде, үлкен мерекелік концертте анықталмақ. 
 
da7
 
da8
 
Байқаудың қазылар алқасы – Қазақстан эстрада жұлдыздары:  Нағима Есқалиева, Бауыржан Исаев және  Мадина Шарипова. Белгілі  музыканттар үлкен сахнада өнерлерін паш етті. Олардың арасында  Бауыржан Исаев,  Нұрлан мен Мұрат және   «КешYou» тобы бар. 
 
da6
 
da5
 
-     «Смэлтинг дауысы» - таланттарды анықтайтын ғажайып конкурс. Әрбір қатысушы үшін сахнаға шығып, республиканың еңбек сіңірген қайраткерлерінің бағасын алу -  үлкен жеңіс, - деді «Қазақмыс  Смэлтинг»  ЖШС Бас директоры Әділет Барменқұлов.
 
da4
 
da3
 
 
Ләззат Смағұлова.
 

У вас нет прав для отправки комментариев