Кіру / Тіркеу

БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚТАР

Күн сайын компанияның өмірінде көптеген оқиғалар болып жатады. Бұл бөлім - Қазақмыс тобының, оның кәсіпорындары мен адамдары тарихының айнасы іспеттес. Оқыңыздар, талқылаңыздар. Сіз осы бөлімнің авторы атана аласыз - info@mykazakhmys.kz мекенжайына өз материалдарыңызды жолдаңыздар.

Сахнада түрлі-түсті моншақтар

Сахнада түрлі-түсті моншақтар

deti7

Алғашқы қара мыстың 80 жылдығын тойлау аясында Балқашта, Хамзин атындағы металлургтер сарайында  «Смэлтинг болашағы» атты балалар шығармашылығының фестивалі өтті. Оған  қалатүзуші кәсіпорын жұмысшыларының 5 пен 16 жас аралығындағы балалары қатысты. 
Жас балқаштықтардың шығармашылық мерекесі 40-қа жуық ұл мен қыздың басын қосты. Залда ине шанжар орын жоқ,  жас әртістерге қолдау білдіру үшін олардың ата-аналары, ата-әжелері мен  аға-әпкелері келді. Балғындарды қуыршақтар қарсы алып,  жарқыраған түрлі шарлар залдағы  мерекелік  көңіл-күйді аңғартып тұрды.  Балқаштық жас әртістер сахна төрінде түрлі-түсті моншақтар тәрізді көрінді. Әдемі сахналық киімдер, ғажайып шаш үлгілері, бал-бұл жанған жүздер.  Балалар бірнеше сағат бойы ән айтып, би биледі, өлең оқып, қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарында ойнады және цирктік қойылымдар ұсынды.
 
deti3
 
deti1
 
dddd
 
Фестивальдің ұйымдастырушылары – «Қазақмыс  Смэлтинг» ЖШС  атап өткендей, мұндай мерекелік іс-шаралар  балаларға өздерін дамытуға және  эмоциялары мен  сезімдерін білдіруге мүмкіндік береді.   Фестиваль  арқылы жас жеткіншектер мәдениетті, өзара сыйластықты үйренеді.  
Шара соңында   «Қазақмыс  Смэлтинг» ЖШС БМЗ директоры  Ербол Айбеков  және «Кәсіп Қазақмыс» ҚБ кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары  Бәтима Дүйсембаева    жас әртістерге өнерлері үшін алғысын білдіріп, фестиваль қатысушыларына дипломдар мен сыйлықтар табыс етті. 
 
deti4
 
deti5
 

У вас нет прав для отправки комментариев