Кіру / Тіркеу

БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚТАР

Күн сайын компанияның өмірінде көптеген оқиғалар болып жатады. Бұл бөлім - Қазақмыс тобының, оның кәсіпорындары мен адамдары тарихының айнасы іспеттес. Оқыңыздар, талқылаңыздар. Сіз осы бөлімнің авторы атана аласыз - info@mykazakhmys.kz мекенжайына өз материалдарыңызды жолдаңыздар.

Балқаш  металлургтері меретойларын атап өтуде

Балқаш  металлургтері меретойларын атап өтуде

HHH

Биыл металлургтер күні – ерекше мереке. Себебі, жалынды мамандық өкілдері алғашқы қара мыстың алынғанына 80 жыл толу мерейтойын атап өтеді. Балқашта мерейтой аясында мәдениет және спорт күндері өтуде. 

Шара ойын-сауық шоуымен басталды, ал оның басты кейіпкерлері «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС барлық құрылымдық бөлімшелерінің жұмысшылары. Металлургтер мен балқаштықтарды қала әкімі  Александр Аглиулин және  «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС өндіріс жөніндегі директоры  Марат Әубәкіров құттықтады. 
Мұнан соң  дабылшылар дабыл қағып, ұлттық нақыштағы мерекелік киім киген әртістер  ағашаяқпен жүру өнерін  көрсетсе, Алматы қаласынан келген «Dream Lights» және т.б  топтар   шоу бағдарламаларын  ұсынды. Балқаштықтарды  «Ми-ре-до», «Хан Тәңірі», «Балбырауын» вокалды-аспаптар топтары және «Super Star KZ"  байқауының финалға қатысушысы  Олег Никитин құттықтады.
 
IMG 1924
 
 
Сондай-ақ, металлургтерді К.Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік драма театры өз   қойылымдарымен  қуантты. Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері  арасында спорттың бірнеше түрі бойынша спартакиада өтіп жатыр.
 
 
IMG 3677
 
Мәдени-спорттық шаралар күнтізбесінде  «Смэлтинг дауысы» музыкалық байқауы, «Смэлтинг болашағы» балалар шығармашылығының сайысы және жұмысшылар арасындағы  юморлар, шығармашылық жұмыстар көрмесі, К.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің қойылымдары және қазақстан эстрада жұлдыздарының концерті бар. 
 
 
 

 

У вас нет прав для отправки комментариев