Кіру / Тіркеу

БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚТАР

Күн сайын компанияның өмірінде көптеген оқиғалар болып жатады. Бұл бөлім - Қазақмыс тобының, оның кәсіпорындары мен адамдары тарихының айнасы іспеттес. Сіз осы бөлімнің авторы атана аласыз - info@mykazakhmys.kz мекенжайына өз материалдарыңызды жолдаңыздар.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК КЕНШІСІ ҚАЗАҚМЫСТА ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ!

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК КЕНШІСІ ҚАЗАҚМЫСТА ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ!

VOD 3260-975

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС атқарушы директоры  Сайран Әменов  «Жыл кеншісі» номинациясының жеңімпазы атанды. Еліміздің мамандарын  «Алтын  Гефест» байқауы бағалады.  Марапаттау Астанада XXV Дүниежүзілік тау-кен конгресінің аясында 

Алтын Гефест - тау-кен металлургия саласындағы салмақты сайыс. Сарапшылар комиссиясы ақтық сынға шыққандарды таңдау барысында бірнеше өлшемдерді ескерді. Олар: инновациялық технологияларды  қолдану, қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін жобалар жасау, энергия үнемдеуші компоненттерді пайдалану, жаңа жұмыс орындарын құру және тағысын тағылар. Қазылар алқасы 12 номинация бойынша барлығы 110 нан астам тапсырысты қарап шықты. Кеншілер мен  металлургтерден өзге, ғалымдар, студенттер мен журналистер де марапатталды.  «Алтын Гефест»  сыйлығы осымен қатарынан 6-шы жыл өткізілуде. Бұл марапат өндіру саласы  мамандары  үшін   «Оскар»  сыйлығы секілді.  Сайран Әменов  «Жыл кеншісі» номинациясының жүлдегері атанды. . 

800
Сайран Сұлтанұлы тау-кен ісіне 25 жылдан астам уақытын арнаған. Ол қызметтік мансаптың барлық сатысынан өтті, кенші мамандығының қыр-сырын меңгеріп шықты. Тау-кен шебері, шахтаның бас инженері, шахтажүргізу трестінің директоры болып жұмыс істеді. Бүгінде «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС атқарушы директоры. II және III дәрежелі  «Еңбеқ даңқы»  төсбелгілерімен марапатталған, ұжымда зор құрметке ие.  
Корпорация ұжымы  Сайран  Сұлтанұлын  лайықты жеңісімен құттықтайды! 
Біз өз кеншілерімізді мақтан тұтамыз және жеңімпазымызға денсаулық, қажымас қайрат, еңбекте оданы әрі табысқа жете беруін тілейміз! 
 
 

У вас нет прав для отправки комментариев