Кіру / Тіркеу

БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚТАР

Күн сайын компанияның өмірінде көптеген оқиғалар болып жатады. Бұл бөлім - Қазақмыс тобының, оның кәсіпорындары мен адамдары тарихының айнасы іспеттес. Оқыңыздар, талқылаңыздар. Сіз осы бөлімнің авторы атана аласыз - info@mykazakhmys.kz мекенжайына өз материалдарыңызды жолдаңыздар.

Қазақмыс Ақтаудың жасыл қалқанын күшейтті

Қазақмыс Ақтаудың жасыл қалқанын күшейтті

VOD 5738

Мамырдың үшінші декадасында Қарағанды маңындағы Ақтау кентінің аумағына 850 түп қарағаш отырғызылды.   Елді мекеннің экологиясын  қорғайтын жасыл желек белдеуін  көбейтуге  «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС  көшеттер, техникалар мен операторлар бөлді. Компанияның әлеуметтік-еңбек қатынастары департаменті кент әкімдігінің қатысуымен сенбіліктер ұйымдастырды.  
 
    Актаудың экологиялық проблемаларына   корпорацияның араласуы  – бұрыннан  шешімін тапқан мәселе. Осы кенттің маңында Нұрқазған байыту фабрикасы мен ауылдықтарды алаңдатып отырған қалдық қоймасы орналасқан.  Ақтау тұрғындарынан құралған қоғамдық белсенділер, қалдық қоймасының ауыл экологиясына келтіріп отырған зиянын азайтуға бағытталған  шаралар туралы  бірнеше мәрте мәселе көтерген болатын.
    Табиғатты қорғау шараларының нақты жоспарын әзірлеу үшін компания басшылығы «Биосфера Қазақстан»  Ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС-нен істің қазіргі  жағдайына баға беруді сұраған.  Аталған фирманың ұсыныстарына сәйкес, осы жылы көктемнің соңында  ағаштар отырғызылатын қолайлы аумақ белгіленді. Сондай-ақ, жыл сайын Нұрқазған БФ аумағында қоршаған ортаның жағдайына өндірістік экологиялық мониторинг жүргізіледі.  
 
QQ
     
Ағаш егу жұмыстары сәтті аяқталып, көшеттерді уақытылы суғару ұйымдастырылды. Осылайша  Ақтаудың жасыл қалқаны айтарлықтай күшейді. 
 
QQQ
 

У вас нет прав для отправки комментариев