Кіру / Тіркеу

БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚТАР

Күн сайын компанияның өмірінде көптеген оқиғалар болып жатады. Бұл бөлім - Қазақмыс тобының, оның кәсіпорындары мен адамдары тарихының айнасы іспеттес. Сіз осы бөлімнің авторы атана аласыз - info@mykazakhmys.kz мекенжайына өз материалдарыңызды жолдаңыздар.

Игі дәстүрді қолдаймыз

Игі дәстүрді қолдаймыз

29149-6-zhezkazgan hochet byt  ru

Жеңіс күнін мерекелеу аясында Қазақмыстың еңбек ұжымдарының өкілдері «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарушы кеңесінің Бас директоры Бақтияр Қырықпышевпен бірге Жезқазғанда сенбілікке шықты. Жаппай ағаштар мен  көшеттер егу дәстүрі  Даңқ Аллеясы мен Кеңгір су қоймасының жағалауында өтті. 
- Қаланы көгалдандырудың бес жылдық жоспары аясында Кеңгір су қоймасының жағалауына шамамен жүз мың көшет отырғызу жоспарланған. Соңғы үш жылда 20 мыңнан астам жасыл желек егіліп, қазір жайқалып тұр, - деп атап өтті Бас директор. Көшеттер мен қарағаштар, теректер мен үйеңкілер отырғызу шарасына компанияның қатардағы қызметкерлерімен қатар «Қазақмыстың» көптеген бірінші басшылары  қатысты. Маңызды іске «Адал еңбек» ЖШС қызметкерлері де тартылды. Бұл кәсіпорын су қоймасының аумағын санитарлық тазалау жұмыстарымен айналысатын болады. 
 
ERA 4421
 
   Сонымен бірге, Бақтияр Қырықпышев Жезқазған және Сәтбаевта тұратын соғыс және еңбек ардагерлерін Жеңістің 73 жылдығымен құттықтады. Қазақмыс басшысы ардагерлерге, тыл еңбеккерлері мен ардагерлердің жесірлеріне  бейбіт заман, ашық аспан үшін ризашылығын білдіріп, оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі. 
 
0E3A0355 
 

У вас нет прав для отправки комментариев