Кіру / Тіркеу

БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚТАР

Күн сайын компанияның өмірінде көптеген оқиғалар болып жатады. Бұл бөлім - Қазақмыс тобының, оның кәсіпорындары мен адамдары тарихының айнасы іспеттес. Оқыңыздар, талқылаңыздар. Сіз осы бөлімнің авторы атана аласыз - info@mykazakhmys.kz мекенжайына өз материалдарыңызды жолдаңыздар.

Қауіпсіз техника

Қауіпсіз техника

VOD 4475-775

Қарағандыда "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС қауіпсіздік жөніндегі басқарушы комитетінің кезекті кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға корпорацияның Басқарушы кеңесінің бас директоры Бақтияр Қырықпышевтан  бастап  барлық кәсіпорындар мен құрылымдардың басшылары қатысты. 
 2018 жылдың алғашқы тоқсаны қорытындыланып, компанияның  еңбекті қорғау  саласындағы саясаты талқыланды. Корпорациядағы өнеркәсіптік қауіпсіздіктің қазіргі ахуалы туралы еңбекті қорғау және қауіпсіздік департаментінің директоры Дархан Жәңгіров баяндады. 

 

 

aaa 

Сонымен бірге, жиында ғимараттар мен құрылыстардың жағдайы көтерілді. Бұл нысандардың пайдалану сенімділігін  арттыру-Бақтияр Қырықпышев атап өткендей, компания үшін ең маңызды мәселе. Бірқатар ғимараттар, тексеріс нәтижесінде жұмыс істеуге шектеулі, ал енді бірі  апатты деп танылды. Дегенмен, 2018 жылға жоспарланған күрделі және ағымдағы жөндеулерге, демонтажға екі жарым миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді.  Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша аталған бюджет сәтті игерілуде.
 
VOD 4477-777
 
 
Сондай-ақ, өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы басқарушы органдар мен  түрлі комитеттердің атқарған жұмыстарының есебі қаралды. Белгілі болғандай, олардың көбісі жоспарланған нәтижеге қол жеткізе алмай келеді.Ешқандай пайда әкелмейтін артық құрылымдарды оңтайландыру ұсынылды.  
 
Владимир ОДИНЦОВ,
Қарағанды 
Фото автордікі.
 

У вас нет прав для отправки комментариев