БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚТАР

Күн сайын компанияның өмірінде көптеген оқиғалар болып жатады. Бұл бөлім - Қазақмыс тобының, оның кәсіпорындары мен адамдары тарихының айнасы іспеттес. Оқыңыздар, талқылаңыздар. Сіз осы бөлімнің авторы атана аласыз - info@mykazakhmys.kz мекенжайына өз материалдарыңызды жолдаңыздар.

ҚАЗАҚСТАН ТҮСТІ  МЕТАЛЛУРГИЯСЫНЫ ДАМУЫНА ЖАҢА БАҒЫТ БЕРЕТІН ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

ҚАЗАҚСТАН ТҮСТІ  МЕТАЛЛУРГИЯСЫНЫ ДАМУЫНА ЖАҢА БАҒЫТ БЕРЕТІН ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

IMG 6710

 

 

Балқаш  қаласында  «Металлургия, технологиялар, жаңалықтар және сапа» тақырыбында  ғылыми-техникалық конференция өткізілуде.

Бұл форумның  негізгі  ұйымдастырушы  Қазақстан Республикасының  металлургия саласының  көшін  бастап  тұрған «Kazakhmys Smelting» ЖШС (Казахмыс Смэлтинг).
Конференцияның негізгі мақсаты-қолданыс аясындағы өндіріс ошақтарындағы металлургиялық кешендердің маңызды міндеттері, техникалық шешімдерді қолданысқа енгізу мен жүргізудің сараптамалық негізін қалыптастыру, өндіріске түсті металлургия саласындағы әлемдік озық технологияларды тарту, өндірістегі белсенді техникалық – экономикалық көрсеткіштердің сараптамасы мен мониторингін жасау арқылы ғылыми негіздің қолданыс аясын нығайту, кеңейту.
Конференция жұмысына «МҚжәнеҚИ» (Мәскеу қ.) Халықтық технологиялық зерттеу университетінің ғалымдары мен тәжірибелі мамандары, АҚБ «НОРД инжиниринг»тің (Мәскеу қ)), «Металлургия және байыту институтының»АҚ-ның ( Алматы қ), «Kazakhmys Holding (Казахмыс Холдинг)» АҚ-ның  жұмыскерлері,өндіріс ардагерлері  және техникалық оқу орындарының студенттері  қатысуда.
Конференцияда жасалған баяндамалар өндіріс пен ғылым арасындағы байланыстар, мыс өндірісінде шикізат қорын пайдалану мен технологиялық үрдісті оңтайландыру, мыс балқыту үрдісін дамыту және шикізат қорын флотациялық байытуды жетілдіру, Жезқазған байыту фабрикасындағы қалдықтардан концентратты мыс өндіру жолдары сияқты ғылыми тақырыптарды  қамтыды.
«Біздің конференция – бұл ғылымның, өндіріс пен бизнестің алаңы, сонымен қатар конференция қатысушыларына өндірісті оңтайландыру, өнімді  өндіру, өндірістік қорды  нығайту жолдарындағы міндеттерді шешудегі өзара тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік береді»-деп атап өтті «Kazakhmys Smelting (Казахмыс Смэлтинг)» ЖШС бас директоры Әділет Бәрменқұлов.
 
NTK
 

У вас нет прав для отправки комментариев