БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚТАР

Күн сайын компанияның өмірінде көптеген оқиғалар болып жатады. Бұл бөлім - Қазақмыс тобының, оның кәсіпорындары мен адамдары тарихының айнасы іспеттес. Оқыңыздар, талқылаңыздар. Сіз осы бөлімнің авторы атана аласыз - info@mykazakhmys.kz мекенжайына өз материалдарыңызды жолдаңыздар.

Қазақмыс – спорт Денсаулық пен рух мықтылығын сақтау жолында

Қазақмыс – спорт Денсаулық пен рух мықтылығын сақтау жолында

rsz era 9932

Жеңістің 72 жылдығына орай «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС құрылымдық бөлімшелері арасында шағын футболдан ұйымдастырылған турнир Сәтбаев қаласын екі күн бойы дүбірге бөледі. «Қазақмыс» басшылығының қолдауымен өткізілген додалы жарыста спорттық сауықтыру кешенінің жазғы футбол алаңында кездескен өндірісшілер шаршы алаңның шаңын шығарды.    
 

 

Спорт ойындарын «КәсіпҚазақмыс» салалық кәсіподағының төрағасы Төреқожа Тілемісов салтанатты турде ашты.
 
Он команда футболшылары бағы мен бабы асқандығын көрсетті. Турнирді жіті қадағалаған турнирдің бас бапкері Еркін Құлпейісов жарыс қорытындысы бойынша командалардың бір-біріне есе жібермегендігін баса айтты. Мәселен, жартылай финалға шыққан командалар арасында «Басқарма», «Мэйкер» ЖШС, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС финалға жолдама алды. Нәтижесінде «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС құрамасы бірінші орынды иеленіп, жеңіс жалауын желбіретті. «Мэйкер» ЖШС екінші орынды місе тұтса, «Басқарма» үшінші, шахтапроходкалау тресі төртінші орынға лайық деп табылды.  Өзге команданың намысын арқалап келгендер құр қайтқан жоқ.
 
– Тек қана жеңіс үшін келген едім. Оңайға соқпаса да барымды салдым. Себебі,  бұл бәсекенің мен үшін маңызы зор, – деген Азат Жұмабаев «Үздік қорғаушы» номинациясына ие болса, Әділет Бәрменқұлов «Үздік шабуылдаушы», Нұрлан Шағиев «Үздік бомбардир», Дастан Олжанов «Бағалы ойыншы», Ғибрат Түскеев «Үздік ойыншы» атанды. Ал, футбол десе ішкен асын жерге қоятын Қайсар Әбдіғалел «Үздік жартылай қорғаушы» номинациясына лайық деп табылды. Бұл оның бірінші жеңісі емес. Талмай жаттығып, бірнеше рет жолдастық кездесулерде жеңімпаз атанған ол: «Мұндай турнирлердің талай жастардың шыңдалып шығуына септігін тигізері сөзсіз. Осындай шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып, бос уақытымызды ұтымды өткізуге жетелейтін «Қазақмыс» басшылығына айтар алғысымыз шексіз. Барлық әріптестерімді мерекемен құттықтай отырып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын», – деді. Сонымен қатар, бұл күні Кирилл Макаров та жүлдеден құр қалған жоқ. Шеберлігімен көзге түскен оған «Үздік қақпашы» номинациясы берілді.
 
Жарысқа қатысушылардың барлығын құттықтап, ізгі лебізін білдірген «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС атқарушы директоры Талғат Мағзұмов жабылу салтанатында арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар, жеңімпаз кубоктарын табыс етілді.
 
 
rsz era 9616
 
rsz era 9634
 
rsz era 9620
 
rsz era 9610
 
rsz era 9613
 
rsz era 9886
 

У вас нет прав для отправки комментариев