Кіру / Тіркеу

БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚТАР

Күн сайын компанияның өмірінде көптеген оқиғалар болып жатады. Бұл бөлім - Қазақмыс тобының, оның кәсіпорындары мен адамдары тарихының айнасы іспеттес. Сіз осы бөлімнің авторы атана аласыз - info@mykazakhmys.kz мекенжайына өз материалдарыңызды жолдаңыздар.

Біз өзгеріске дайын адамдарды күтеміз

Біз өзгеріске дайын адамдарды күтеміз

korbut02Таяу жылдарда Ақтоғай және Бозшакөл игерілмеген мыс кен орындары пайдалануға беріледі. Олардың салу қарқыны туралы біз бірнеше рет портал беттерінде жария еткен болатынбыз. Бүгін ұзақ мерзімді жобаларда кімдер жұмыс істейтіні туралы сөз қозғаймыз. Не себепті шетелдік мамандар тартылды? Неге таңдау «өзіміздің» қызметкерлеріміз арасында жүргізіліп жатыр? Осы және өзге сауалдарға Ақтоғай мен Бозшакөлдің HR-директоры Елена Корбут жауап береді.

ГРЭС. Электр қуатың өндіру

ГРЭС. Электр қуатың өндіру

egres

Энергетиктердің кәсіби мерекесіне орай бұрынғы кеңестік елдер аумағында ең ірі саналатын ЕГРЭС-1 жылу электр станциясының арнайы бейне визиткасын әзірледік «ГРЭС жайлы. Электр қуатың өндіру» қараңыз.

 

 

Қазақмыстың Жаңа жылдық ашық хаты жасөспірімнің суретімен безендірілмек

Қазақмыстың Жаңа жылдық ашық хаты жасөспірімнің суретімен безендірілмек

NGҚазақмыс Тобы «Қысқы ермектер» тақырыбындағы балалар суретінің дәстүрлі байқауының қорытындысын шығарды.

Жылсайынғы көркемсурет байқауы Топ қамқорлығындағы балалар үйлерінің арасында осымен төртінші рет өткізіліп отыр. Қазақмыс Тобы әрекет ететін өңірлердегі балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында өткен биылғы байқауға Қарағанды, Жезқазған, Балқаш пен Шығыс Қазақстандағы оннан астам балалар үйлерінің бір мен төртінші сынып оқушылары қатысты. 12 желтоқсанда компания өкілдері байқаудың қорытындысын шығарып, жеңімпаздардың есімдерін атады. Биылғы байқаудың жеңімпазы – он жастағы Данила Орлов. Даниланың суреті Топтың жаңа жылдық ашық хатына ерекше көрік береді деп күтілуде. Енді оның туындысын компанияның халықаралық әріптестері, клиенттері, мердігерлері және т.б. көре алады.

 

ЕГРЭС-1 саудаға шығарылды

ЕГРЭС-1 саудаға шығарылды

Қазақмыс ПЛС Екібастұз ГРЭС-1 станциясының Топқа тиесілі 50 пайыздық үлесін және «Қазгидротехэнерго» ЖШС-дегі 100 пайыздық үлесін сату туралы «Самұрық-Энерго» АҚ-мен келісім жасасқандығын хабарлайды. Мәміленің жалпы сомасы 1,3 млрд долларды құрайды.

ҚАЗАҚМЫС БОЗШАКӨЛ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША РЕСУРС ЖҰМЫЛДЫРАДЫ

Қазақмыс Бозшакөл жобасына қосымша ресурс жұмылдырады

Bozshakol oct 2013Қазақмыс Тобы мыс өндіру жөніндегі ірі жоба - Бозшакөл жобасын игеру үшін екінші негізгі мердігер ұйым ретінде Non Ferrous China компаниясы тағайындалғандығы туралы хабарлайды. Қосымша ресурс, негізінен, кен байыту фабрикасының құрылысын жүргізіп, іске қосу үшін тартылады.

Осыған орай, жобаның жалпы құны шамамен 350 млн долларға өседі деп күтілуде. Екінші мердігер ұйымды тарту кенішті игеру мерзімі бұрын жоспарланғандай 2015 жылға қарай басталатындығының қосымша кепілі болмақ.

 


Бақтияр Қрықпышев «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС бас директоры болып тағайындалды


Бақтияр Қрықпышев «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС бас директоры болып тағайындалды

Бахтияр КрыкпышевБұған дейін Қазақмыс корпорациясының Тау-кен өңдеуші кешенінің Бас директоры қызметін атқарып келген Бақтияр Қрықпышев 2013 жылғы 1 желтоқсаннан бастап «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ң Бас директоры болып тағайындалды.

Бас директор лауазымы өндірістік бөлімшелерді басқаруды және басшылардың жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған жаңадан бекітілген ұйымдық құрылымға сәйкес енгізіліп отыр. 

 

ҚАЗАҚМЫС ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ

Қазақмыс Директорлар Кеңесінің құрамындағы өзгеріс туралы хабарлайды

daulet yergozhinҚазақмыс Тобы 2013 жылдың 5 желтоқсанында Дәулет Ерғожиннің Директорлар Кеңесінің құрамынан шыққаны туралы хабарлайды.

Ерғожин мырза 2008 жылдан бері Атқарушы емес директор қызметін атқарып келді және бұған дейін Қазақмыстың 26 пайыз акциясын иеленген Қазақстан Республикасы үкіметінің өкілі болған.

 

Өзгерістер толқыны

Өзгерістер толқыны

sokrashenie Жақын уақытта Қазақмыста өндірісті жедел басқарудың жаңа құрылымы енгізіледі. Бұл құрылым әкімшілік-басқару саласындағы қызметкерлерді қысқартуды көздейді.

Ең алдымен бұл шаралар «Шығыстүстімет» және «Қарағандытүстімет» өндірістік бірлестіктерінің басшылық құрамын қысқартады. Бұл бірлестіктердегі кәсіпорындардың іс-қызметін үйлестіретін басқармалар мен инженерлік-техникалық қызметтер жойылады. Кеніштер, байыту фабрикалары және өзге өндірістік кәсіпорындар «Қазақмыс» корпорациясының тікелей бақылауына өтеді.

 

ҚАЗАҚСТАНДА ОТАНДЫҚ ЗАУЫТТА ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ БЕЛАЗ САТЫЛДЫ

Қазақстанда отандық зауытта құрастырылған алғашқы БелАЗ сатылды

BelAZ 2Пайдалы қазбалардың ашық кен орындарында кен массаларын тасымалдауға арналған 45 тонналық карьерлік самосвал қазақстандық компаниялардың біріне сатылды.

Тұңғыш қазақстандық ауыр жүк көлігі «БелАЗ» ААҚ-ң технологиялық құжаттамасы бойынша көбінесе белорутік және ресейлік саймандарынан жинастырылды. Қазақстандық үлес 15,3 пайызды құрайды.

 

Қайғалы ОҚИҒА

Қайғалы оқиға

Қазақмыс Тобы 2013 жылдың 28 қарашасында 20:00 шамасында «Жезқазғантүстімет» ӨБ-нің Жезқазған кен байыту фабрикасында қайғылы оқиға орын алғандығы туралы қайғыра отырып хабарлайды.