Кіру / Тіркеу

Балаларға арналған үздік әдеби шығармалар байқауы «БАЛАУСА»

2012 жылдың сәуір айында Қазақмыс Тобы мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесе отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың əдеби шығармаларына «Балауса» бəйгесін жариялаған болатын.

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҮЗДІК ӘДЕБИ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ - «БАЛАУСА» БӘЙГЕСІНІҢ
ЕРЕЖЕСІ

1. Байқаудың ұйымдастырушылары:
1.1. Қазақмыс Тобы мен Қазақстан Жазушылар одағы.

2. Байқаудың мақсаты:
2.1. Балалар әдебиетіне қолдау көрсету арқылы бүгінгі заман талабына сай шығармалардың жазылуына ықпал ету, сол арқылы балаларды қаршадай кезінен өз ұғымдарына лайық әдеби туындылармен молынан сусындатып, туған елге, ата-анаға, дос пен бауырға деген сүйіспеншіліктерін қалыптастырып, ұлтжанды, өнегелі, білімқұмар болып өсуіне негіз қалау.

3. Байқаудың шарттары мен өткізілетін уақыты:
3.1. Байқауға 2-8 жас аралығындағы сәбилерге арналған прозалық және поэзиялық шығармалар қабылданады. Байқауға ұсынылатын шығармалардың жалпы көлемі 3 беттен аспауы керек және мәтіні 1,5 интервалмен, 14-кегельмен теріліп, 3 дана етіп жолдануы қажет. Байқауға кәсіпқой және әуесқой қаламгерлер қатыса алады.
3.2. Автордың аты-жөні, мекенжайы, телефоны жабық конвертке салынып, сыртына бүркеншік аты жазылады. Байқаудың жұмыстары мына мекенжай бойынша қабылданады:
050000,
Алматы қ., Бас пошта,
абоненттік жәшік 176. «Балауса» байқауына.
3.3. Шығармалар байқау шарты жарияланған күннен бастап 2014 жылдың 15 ақпанына дейін қабылданады. Байқау қорытындысы 2014 жылдың 2 сәуірінде жарияланады.
3.4. Бұрын жарияланған, уақытынан кешігіп келген шығармалар қабылданбайды.

4. Байқауды қорытындылау мен жеңімпаздарды анықтау:
4.1. Жазушылар одағы мен Қазақмыс Тобының өкілдерінен құралған арнайы əділқазылар алқасы байқауға келіп түскен шығармалардың ішінен үздіктерін таңдап, жеңімпаздарды анықтайды.
4.2. Байқау жеңімпаздарын анықтау қазылар алқасы мүшелерінің дауыс беруімен аяқталады. Басым дауыс алған шығарма жеңімпаз болып саналады. Дауыс саны тепе-тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші саналады.
4.3. Қазылар алқасының шешімі хатталып, оған төраға қол қояды. Әділқазылардың шешімі қайта қарауға жатпайды.
4.4. Қазылар алқасы шығармаларды бағалау кезінде мына талаптардың орындалуына назар аударады:
• шығарманың байқау шарттары мен талаптарына сәйкестігі;
• автордың кәсіби шеберлігі;
• бүгінгі заман талабына сай тақырыптарға арналып, балаларға ұғынықты тілмен жазылғандығы.

5. Жеңімпаздарды марапаттау мен бәйге қоры:
5.1. Жеңімпаз атанған шығарма авторларына ақшалай және бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Байқау жеңімпаздарының шығармалары бірқатар қазақтілді басылымдарда жарияланады.
5.2. Бәйге қоры төмендегідей:
Бас бәйге біреу - 700 мың теңге.
Бірінші орын біреу – 500 мың теңге.
Екінші орын екеу – 300 мың теңге.
Үшінші орын үшеу – 200 мың теңге.