Кіру / Тіркеу

Балаларға арналған үздік әдеби шығармалар байқауы «БАЛАУСА»

2012 жылдың сәуір айында Қазақмыс Тобы мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесе отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың əдеби шығармаларына «Балауса» бəйгесін жариялаған болатын.

balausaБәйге! Бәйге! Бәйге!

Қазақмыс Тобы мен Қазақстан Жазушылар Одағы бірлесе отырып сәбилер мен бүлдіршіндерге арналған әдеби шығармаларға «Балауса» атты байқау жариялайды. Оған кәсіби және әуесқой авторлар қатыса алады.

Байқауға 2-8 жас аралығындағы сәбилерге арналған прозалық және поэзиялық шығармалар қабылданады. Байқауға ұсынылатын шығармалардың жалпы көлемі 3 беттен аспауы керек және мәтіні 1,5 интервалмен, 14-кегельмен теріліп, 3 дана етіп жолдануы қажет.