Бұл біздің адам!

Қазақмыста 37 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Олардың қатарында еңбек жолын жаңадан бастаған жас мамандар да, өз ісін бес саусағындай білетін, кен өндіру және металлургия саласының қыр-сырына қанық, білікті де тәжірибелі мамандар да бар.
Аймақтық және республикалық басылымдарда Қазақмыс қызметкерлері туралы талай мақалалар жарияланды. Біз бұл бөлімде осындай материалдардың мұрағатын жасап, жариялап отырмақпыз. Өзіңіз жайлы, әріптестеріңіз бен таныстарыңыз туралы оқи жүріңіздер. Жанымызда мақтауға тұрарлық адамдар аз емес!

Шахтаны мәңгілікке таңдаған!

Шахтаны мәңгілікке таңдаған!

4

 
 
Әрбір кенші немесе кен саласы қызметкері үшін шахта күн сайын көз ұшында қарайып тұратын меже сияқты. Олар межеге шығынсыз жетіп, керісінше, өзіне, өз бригадасы мен туған кәсіпорнына пайда әкелуге барын салуы тиіс. Біздің кейіпкеріміз Жеңіс Досжанов осы кәсіпті жанымен сүйетін өндірістік династияның өкілі. 

Кенші екенім – өмірлік мақтанышым

Кенші екенім – өмірлік мақтанышым

Amanbayev1

Кәсіптік мерекесі – Кеншілер мен байытушылар күні Юбилейно-Снегирихинский кенішінің тиеу-жет­кізу машиналарының маши­нис­тер бригадирі Бек Аманбаев ұзақ жылғы адал еңбегі үшін 3-дә­режелі «Кенші даңқы» құрметті төс­белгісімен ма­рапатталды.

Өз ісінің маманы атанған кеншімен тілшілердің алғашқы кездесуі бар-жоғы бірнеше минутқа созылды.

Өз ісін сүйетін Алтынай

Өз ісін сүйетін Алтынай

ZhanagulovaӨз ісін жан-тәнімен сүйетін адамдар аз емес. Кейде бүкіл ғұмырын кәсібіне сарқа жұмсайтындарға ерекше құрметпен қарайсың. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Нұрқазған кен-байыту фабрикасының флотаторы Алтынай Жаңағұлованы сондай жандардың қатарына жатқызуға болады.

Шахтерлердің анасындай болған

Шахтерлердің анасындай болған

degembayeva kaz1Шығыс шахталық ұңғыма басқармасының Ертіс учаскесі өзінің өнімдік көрсеткіштері мен еңбек ардагерлері жағынан көш бастап келеді. Әрине, кеудесі орденге толы белгілі бригадирлер мен шахтерлердің ішінде бірден көзге түсетіні – қызу жұмыс үстіндегі әйелдер. Олар күн сайынғы аянбас еңбегінің арқасында жан-жағына сәуле шашып, әрқашан да жеңістің басы-қасында жүреді.

 

Білікті бақылаушы

Білікті бақылаушы

zhangabylovaБақыт Жанғабылова мысты қала Жезқазғанның тумасы. Көп балалы отбасында өсіп-өнген Бақыттың бойына әсемдік, әдемілік, шынайылық, еңбекқорлық секілді адамгершіліктің асыл қасиеттері әкесі Рақым мен анасы Әсиядан жұққан.

Үш ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірген ата-анасы балаларының барлығын шаруаға араластырып, икемдеп өсірген.

Темірді қамырдай илеген

Темірді қамырдай илеген

ejebayevБекен Әшрімбекұлы Ежебаев 30 жылдан астам уақыт бойы Балқаш қаласындағы «Казахмыс Смэлтинг» ЖШС-нің мыс балқыту зауытында жұмыс істеп келеді. Зауытқа буыны қата қоймаған бозбала шағында келген Бекеннің болашақта қандай маман болып шығатыны өндірісте тәлім беретін әріптес ағаларына байланысты болатын. 

Темірден түйін түйген

Темірден түйін түйген

abdykhanovЕл көлеміндегі ең маңызды индустриалды нысандардың тізімінен табылатын Балқаш мыс балқыту зауытында адал еңбек етіп, аянбай тер төгіп жатқан жанның бірі – Дәулет Мақсұтбекұлы Абдыханов. «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Балқаш мыс қорыту зауытына қарасты Механикалық жөндеу цехында он жылдан аса қызмет етіп келе жатқан қол ұстасын жуырда әңгімеге тартқан болатынбыз.

Мусиндер бригадасы

Мусиндер бригадасы

musinyЕлімізде өз кәсібіне ұрпақтарын да баулыған еңбек әулеттері аз емес. Сондай отбасылардың бірі Шығыс Қазақстан облысының Жезкент кентінде тұратын Қапан Мусиннің отбасы. Ол 5 ұлымен бірге осы жердегі тау-кен комбинатында жұмыс істейді. Бір жанұядан шығып, өмір ағынымен бір саладағы жұмыста табысқан әулетті барлық жезкенттіктер біледі. 

Әулеттер фабрикасы

Әулеттер фабрикасы

fbНиколаев байыту фабрикасын жұмысшы мамандар даярлайтын орын десек артық айтқандық болмас. Ең алдымен, бұл Шемонаиха ауданындағы Усть-Талов ауылының негізін қалайтын кәсіпорын. Тұрақты жұмыс орны, жақсы жалақы мен әлеуметтік көмек жас мамандардың қызығушылығын арттырып отыр. 

Әке көрген оқ жонар...

Әке көрген оқ жонар...

Сонау 1965 жылы құрылған Оңтүстік Жезқазған кеніші бүгінде «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС құрамындағы шахта қазатын ірі кәсіпорын болып табылады. ОЖК шахталары Покро-Оңтүстік-Батыс және Ақши-Спасск кеніштерін игереді. Онда тереңдігі 700 метрлік 16 ұңғы бар. 

1 бет. Барлығы: 2