БІЗДІҢ ФОТОРЕПОРТАЖДАР

Біздің кәсіпорнымыз бен адамдар жайлы түсірілген жеке және тәуелсіз фоторепортаждар. Кейде бір дана сурет мақаладан да маңызды болады. Ал, фотосуреттер сериясы тұтас бір тарихты баяндап бере алады. Бұл бөлімде Қазақмыс тобы кәсіпорнының тарихы мен онда жұмыс істейтін адамдардың өмірінен алынған қызықты оқиғалармен таныса аласыздар.

Жүйріктердің жүйрігі!

 

 

VOD 5057

Қарағанды «Жастар» спорт кешенінде «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС мен «Кәсіп Қазақмыс» кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен компанияның құрылымдық 

бөлімшелері арасында спорт ойындарының екінші кезеңі басталды. 


Шағын футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисінен өтетін жарысқа компанияның үш аймағынан оннан аса ойын командасы қатысады. Бірінші орынды жеңіп алу үшін, спортшылар іріктеу кезеңінен өтіп, ойынға қатысуға рұқсат алды. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай ұйымдастырылуда. Спорт ойындарының салтанатты жабылуы желтоқсан айының бірінші тоқсанына жоспарланған.

Астана қаласында «Made in Kazakhstan» сұхбат алаңы өткізілді

Астана қаласында «Made in Kazakhstan» сұхбат алаңы өткізілді

2aАғымдағы жылы «Қазақмыс» Жезқазған мен Балқаштың кәсіпкерлерімен 500 астам келісімшарттар жасасты. Бұл жайында Қазақмыс корпорациясының өкілдері «Made in Kazakhstan» сұхбат алаңын өткізу барасында хабарлады.

«Ағымдағы жылдың 9 айында Жезқазған өңірі мен Балқаш қаласы кәсіпкерлер және өнеркәсіпшілер қауымдастығы және кеңесіне қатысушылармен жалпы соммасы 16 млрд. тенгеге 500 астам келісімшарт жасалды. Қазіргі уақытта аталған ұйымдардың құрамына 92 қатысушы-кәсіпкер бар. Олардың кәсіпорындарында 4 мыңнан астам жұмыс істейді. 42 қатысушы 2500 адамды жұмыс қамтыған отандық өндіруші болып табылады»,- деп Сергей Фофановтың сөзін BNews. ақпараттық агенттігі келтіруде.

 

 

Ең керемет жас жұп

Ең керемет жас жұп

Мирхайдарова Лейла АУ - копия

Қазақстанның болашағы жастар деп елбасымыз өзінің жолдауында жазған. 14 ақпан махаббат күніне орай Қазақмыс Корпорациясы Жастар одағы ұйымдастырған «Ең керемет жас жұп» фотоконкурс қорытындысы өткізілді. Фотоконкурста барлығы 27 жас жұптар қатысты.