ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС

Kazakhmys-Kazakh-Poster-kz

Қазақмыс компаниясы компанияның беделінің және өздері тығыз байланыста жұмыс атқаратын компаниялардың сенімінің ең басты маңыздылық екенін мойындайды. Қазақмыс компаниясына деген өзгелердің жақсы көзқарастары заң талаптарын орындай отырып жұмыс жүргізуі, адами жоғары этикалық талаптарға сай қарым-қатынастардың арқасы. Осыған байланысты компанияның арнайы менеджменттер тобы қолданыстағы заң аясындағы 2012 жылдан бергі атқарылған жұмыс тәжірибесін жинақтай келіп, корпорация жүргізіп отырған жемқорлыққа қарсы саясат жұмыстарын қайта қарап, корпоративтік антикоррупциялық саясаттың жемқорлыққа қарсы «KazakhmysHolding (Казахмыс Холдинг)» ЖШС-нің кодексінің жаңа нұсқасын бекітті. Бұл құжатта әрбір жұмыскерге тән негізгі этикалық нормалар қамтылып, әрбір қызмет аясындағы жемқорлыққа қарсы қалыптасуға тиісті қызметтің негізі болып табылады.
«Қазақмыс» компаниясы қазіргі жұмыс атқарушы және потенциалды контрагенттермен қарым-қатынасқа көп көңіл бөледі. Бұл бекітілген бағдарламаның аясында контрагенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте заңдылықты сақтауын алдын-ала тексеруге мүмкіндік береді.
Корпоративтік саясатты жетілдіру мақсатында «Қазақмыс корпорациясы» жұмыскерлермен қайтарымды байланысты енгізіп, қызығушылық білдірген әрбір адам тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн бойы жұмыс жүргізетін «SpeakUp» қызметін ұсынуда, байланыс телефоны :8-800-080-8089 (Қазақстан бойынша хабарласу тегін) немесе электронды поштаға Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс. байланысуға болады.

«SpeakUp» қызметіне хабарласқан жандардың сұрақтары, анонимді болса да « Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жанындағы құқықтық бақылау Департаментінде қаралады және тәуелсіздік пен толық қаралым қамтамасыз етіледі. Осы қызмет атқарылып жатқан мерзімде «SpeakUp» қызметіне (05.2015 ж-10.2015 ж) аралығында « Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жанындағы құқықтық бақылау Департаментінде салалық қызметтермен біріге отырып, 12 қаралым қаралып, оның 6-уы толығымен негізді , 3-і негізсіз деп танылды, қалған 3-і бұл құрылымға қатыссыз «Қазақмыс» компаниясына кірмейтін мекемелерге қатысты екені анықталды.

Қойылған сұрақтардың негізгі бөлігі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-інің өзіне және филиалдарының қызметтеріне қатысты болды, ал бір сұрақ «KazakhmysSmelting (КазахмысСмэлтинг)» ЖШС-іне бір сұрақ «KazakhmysEnergy (КазахмысЭнерджи)»ЖШС-іне қатысты болды, ал 2- сұрақ «Қазақмыс» тобына жатпайтын заңды тұлғаларға қатысты болды.
Қарастырылған заң бұзушылықтардың негізгісі басқару кезінде қарамағындағыларға дөрекілік көрсетудің 7 жағдаяты қаралса, корпоративтік заң бұзушылыққа және басқа түріне 2-3 сұрақ қатысты болды.
Барлық анықталған ( толығымен, немесе ішінара) Қазақмыс компаниясына тиесілі салалық мекемелердегі заң бұзушылыққа тиісті шаралар тағайындалып, заң бұзушы жандарға заң ға сүйене отырып тиісті жазалар тағайындалды, жалақысы кесілді т.б.

«Қазақмыс» компаниясы қолданып отырған парақорлық пен жемқорлыққа қарсы 2010 ж.Ұлыбритания елінде қабылданған «Парақорлық туралы» заң аясында жүргізілген жұмыс сыртқы (тәуелсіз) аудиттер қорытындысы бойынша оң нәтиже беруде.

Тәуелсіз аудиттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы корпоративтік саясат негізінде тұрақты жұмыс жүргізеді, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-і жанындағы құқықтық бақылау Департаменті аудиттер жұмысын бизнестің дамуына көлеңке түсірмеуі үшін заң талаптарының жоғары деңгейде сәйкес келуі үшін қайта қарап, жетілдіріп отырады.
«Қазақмыс» корпорациясына қатысты сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңды жүзеге асыру мақсатында туындаған сұрақтар бойынша «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жанындағы құқықтық бақылау Департаментіне мына байланыс телефондары арқылы хабарласыңыздар:

+7-708-436-20-57, +7-708-436-20-58.