Кіру / Тіркеу

БАСШЫЛЫҚ

Қазақмыстың басшылығы тәжірибелі басқарушылар мен тау-кен өндірісі саласындағы кәсіби   мамандардан жасақталған. Олар туралы ақпаратты өмірбаяндарынан оқып біле аласыздар.

vladimir kimВладимир Сергеевич Ким
Казақмыс Президенті

«KazakhmysHolding» (Казахмыс Холдинг) ЖШС Президенті

Владимир Сергеевич Ким 1960 жылы дүниеге келген. 1982 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтының «инженер-құрылысшы» мамандығын тәмамдаған. Америка Құрама Штаттарындағы Кеннеди атындағы Батыс университетінде дәріс алып, экономика, қаржы және маркетинг саласынан машықтануды ( сынақ мерзімін) Корея, ГФР, Швейцария елдерінде   өтті. Бизнес саласы мен әкімшілік басқару докторы, техника ғылымдарының кандидаты.

Компаниядағы жұмысын 1995 жылы «Жезқазғантүстімет» АҚ басқарушы директоры және бас атқарушы директоры болып бастаған. Ал, 2000 жылдың желтоқсанында аталған компанияның директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

2005 жылы Владимир Сергеевич Лондон биржасындағы өз акцияларын тіркеген алғашқы компания – Қазақмыс тобы директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

2005 жылдан 2013 жылдың мамыр айына дейін ол Қазақмыс компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы лауазымында жұмыс істеді. Қазіргі уақытта «Kazakhmys Holding» (Казахмыс Холдинг) ЖШС Президенті.

 


edgayЭдуард Викторович Огай
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС  директорлар Кеңесінің  Төрағасы

 «KazakhmysHolding (Казахмыс Холдинг)» ЖШС-нің  директорлар  Кеңесінің  Төрағасы

 Эдуард  Викторович  1969  жылы  дүниеге  келген. 1998  жылы  Қазақ мемлекеттік  аграрлық  университетін,  экономист – менеджер  мамандығы   бойынша  тамамдаған. Мәскеу мемлекеттік  тау-кен  институтында  (МГГУ)  «Ашық тау-кен  жұмыстары»   (2003-2004), ал Ресей  Федерациясы Үкіметі  жанындағы  халық  шаруашылығы Академиясында   « Қаржы  және  экономика  директоры»  (2003-2004),  және «Тау-кен,  минералды-шикізат халықтық  университетінде ( Санкт-Петербург) «Кенді  даярлаудың, байытудың және  шикізатты  гидрометаллургиямен  өңдеудің  заманауи  технологиялары»  (2015) бағдарламалары  бойынша кәсіби  шеберлігін  шыңдаған.

Эдуард Викторович еңбек  жолын  2001 жылы Қазақмыс  тобында халықаралық  қатынастар және  маркетинг салаларының директоры  қызметінен бастады, ал  2005  жылдан  бастап корпоративтік  дамыту  директоры.

 2006  жылы Эдуард  Викторович  Қазақмыс  тобының салалы  компаниясы «Қазақмыс  корпорациясы» ЖШС-нің  басқарма  төрағасы  болып  тағайындалды.

  Қазіргі  кезде  «КazakhmysHolding (Казахмыс Холдинг)»  директорлар  Кеңесінің  Төрағасы  және   «Казахмыс корпорациясы» ЖШС-нің  директорлар Кеңесінің  Төрағасы  қызметтерін  атқарып  жүр.

 

Бақтияр Әбдірахманұлы Қырықпышев

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарушы Кеңесінің Бас директоры

Бақтияр Әбдірахманұлы 1973 жылы дүниеге келген. 1995 жылы Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған тау-кен технологиялық институтын «Автомобиль және автомобиль шаруашылығы бойынша» бітіріп, «инженер-механик» мамандығын алған. 2012 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «экономика» мамандығы бойынша бітірген.

   Федералдық мемлекеттік   автономдық білім беру мекемесінің жоғары кәсіби мамандық беретін « Ұлттық зерттеу технологиялық университеті «МИСиС» -те, «Түсті металлургия, Тау-кен компаниясын басқару» (2013-2014) бағдарламасы бойынша арнайы дайындықтан өткен.

Қазақмыстағы еңбек жолын   1996 жылы «Жезқазғантүстіметалл» кәсіпорнындағы Шығыс-Жезқазған кенішінде, жұмысшы мамандығынан бастап, тау-кен шебері, участок басшысының орынбасары, басшысы, кейін шахтаның бас инженеріне дейінгі баспалдақтың бәрін басып өткен. Шахтаның басшысы, комбинаттың бас инженері, ЖТКМК-ның бас инженері, кейін техникалық директоры, «Жомарт» кенішінің директоры қызметтерін атқарған.

2008 жылы «Жезқазғантүстіметалл» ӨБ-тің бас директоры. 2010 жылы «Бозшакөл» кен орнында бас директор болды. 2011 жылы «Қарағандытүстіметалл» және «Балқаштүстіметалл» ӨБ басқарды. 2012 жылы – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өндіріс директоры, ал сол жылдың желтоқсан айында компанияның тау-кен өңдеу кешенінің бас директоры қызметтерін атқарды. 2013 жылдың желтоқсан айында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС   бас директорлығы қызметіне тағайындалды. Қазіргі таңда «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарушы Кеңесінің Бас директоры. 

 

bakirov2

Талғат Советбекұлы Шайқыбеков 
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Тау-кен-өндірістік кешенінің Бас директоры

2001 жылы Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «пайдалы қазбалар кен орындарын жер асты барлау» мамандығы бойынша бітірді, біліктілігі: тау-кен инженері. 2009 жылы осы мамандық бойынша Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы академиясын тәмамдады. Қазақмыста 2011 жылдан бері қызмет етеді. «Жезқазғантүстімет» ӨБ, «Жомарт» кенішінің директоры, «Жезқазғантүстімет» ӨБ, Оңтүстік-Жезқазған кенішінің директоры, «Жезқазғантүстімет» ӨБ техникалық директоры қызметтерін атқарды. Қазіргі таңда «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Тау-кен-өндірістік кешенін басқарады. 

 

arinov

Марғұлан Қалиұлы Сәдуақасов
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Байыту-өндірістік кешенінің Бас директоры.

2002 жылы Ө.А Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «пайдалы қазбаларды байыту» мамандығы бойынша бітірді. 1992 жылы № 3 байыту фабрикасына жұмысқа қабылданды. Бас корпустың ұсақтағыш машинисінен техникалық бақылау бірлескен бөлімінің бастығына дейінгі еңбек жолын жүріп өтті. 2003 жылы Белоусов байыту фабрикасының бас инженері болып тағайындалды.

2004 жылдан 2015 жылға дейін Николаев, Нұрқазған, Қарағайлы, Балқаш байыту фабрикаларын басқарды. 2016 жылы байыту-өндірістік кешенінің өндіріс жөніндегі директоры болды. 01.02.2018 жылдан бастап – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС байыту-өндірістік кешенінің Бас директоры. 

 

IMG 2113м 4

 Әділет Назарбайұлы Барменкулов
«Kazakhmys Smelting» ЖШС Бас директоры

1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша тамамдап, өзінің еңбек жолын бастады. 1995 жылы «Tamos-Education» ЖАҚ физика-математика мектебінің директоры қызметін атқарды. 2000 жылы «Мұнай және мұнай өнімін сертификаттау және сараптау орталығы» ЖШС қаржы директоры. 2003 жылы «Таймас» Қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігін басқарды.

Ал 2007 жылы Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар Министірлігінің көліктік бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Қазақмыс корпорациясындағы еңбек жолын 2013 жылы Сауда үйі материалдық-техникалық жабдықтау басқармасының бастығы қызметінен бастады. 2014 жылдың қазан айында «Kazakhmys Holding» және «Казахмыс Корпорациясы» ЖШС коммерциялық директоры қызметіне тағайындалды. 2016 жылдың қарашасынан бастап, Барменқұлов Ә.Н. «Kazakhmys Smelting (Казахмыс Смэлтинг)» ЖШС Бас директоры.