Тиімді өндіріс - ең алдымен қауіпсіз өндіріс екеніне біз нақты сенімдіміз. Біздің ұзақ мерзімді мақсатымыз – соңы өлімге алып келетін жазатайым оқиғалар санын мейлінше болдырмау. Өзінің және әріптестерінің өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілікті сезіну – жетістікке жету жолындағы маңызды принциптердің бірі.

 

НЕГІЗГІ МІНДЕТ— ЖАРАҚАТТАНУДЫ АЗАЙТУ
 

Тау-кен өндірісі саласы қауіпті әрі күрделі, сондықтан қауіпсіздік пен еңбекті қорғау мәселесі компания басшылығының үнемі жіті бақылауында. Біздің ұзақ мерзімді міндетіміз — соңы өлімге алып келетін жазатайым оқиғаларды болдырмау. Сол себепті корпорацияда өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғауды басқару жүйесі жұмыс істейді. Сондай-ақ, 2018–2020 жылдарға арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы орта мерзімді жоспарымыз жүзеге асуда. Жұмыс орындарын қауіпсіз жағдайда ұстап тұру тұрақты назарымызда.

 

Қазіргі таңда «DuPont Sustainable Solutions» халықаралық компаниясымен бірлесіп компания кәсіпорындарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздікті жақсарту бағдарламасы іске асырылуда. Оның негізгі мақсаты — «Қазақмыс» компаниялар тобындағы ауыр әрі өлімге душар ететін жарақаттану көрсеткішін одан әрі төмендету. Бағдарлама корпорация қызметіндегі негізгі басымдықтардың бірі — әрбір жұмысшы үшін қауіпсіз әрі қолайлы еңбекті ұйымдастыруды көздейді. Бағдарламаны жүзеге асыру аясында ЕҚ және ӨҚ саласындағы тәуекелдерді анықтау, бағалау, басымдық беру, тиімді шаралар әзірлеу және оларды іске асыруға бағытталған міндеттер белгіленді.

 

Бағдарламаны іске асыру үшін 2018 жылдың қазан айында «Қазақмыс» компаниялар тобында тәуекелдерді басқарудың топтық процедураларын жасақтаумен, топтың кәсіпорындарында тәуекелдерді басқару жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етумен айналысатын К омпетенциялар орталығы құрылды.


 

Тәжірибе көрсеткендей, тәуекелдерді басқару жүйесінің әдістемесі мен құралдары кәсіпорындарымызда жақсы қолданылуда. Бұл, жоғары және экстремалды тәуекелдерді тұрақты негізде анықтауға және оларды азайту үшін тиімді шаралар әзірлеуге мүмкіндік береді. Кәсіпорындарды әрі қарай қолдау және қалған нысандарға бағдарламалар әзірлеу алдағы бір жарым

жылда жасалады және жаңа тәжірибелердің барлық деңгейде бейімделуін қамтамасыз етеді.

 

Қазіргі уақытта барлық деңгейдегі қызметкерлер тәуекелдерді басқару жүйесінің негізгі құралдары мен әдістемесі бойынша оқып шықты.Сонымен бірге, жоғары және экстремалды тәуекелдерді төмендетуге бағытталған шараларды қарау және келісу тетіктері — кәсіпорындар мен кешендер деңгейіндегі техникалық кеңестер іске қосылды.

Біз жыл сайын өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесінің жұмыс істеуін жақсартуға, технологиялық және техникалық процесстерді модернизациялауға,персоналдың денсаулығын қорғауға және еңбек жағдайын жақсартуға үздіксіз қаржы жұмсап келеміз.Қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етуде корпорацияда болып жатқан процесстерді цифрландыру да үлкен роль атқаруда. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша IT-жүйені енгізу арқылы жұмысшылардың техника қауіпсіздігі талаптарын сақтауын бақылап отыру және осы арқылы, кәсіпорындарымыздағы еңбек қауіпсіздігі мәдениетін арттыру мүмкін болды.

 

Бақтияр ҚЫРЫҚПЫШЕВ,
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарушы Кеңесінің Бас директоры