25.05.2017
«Қазақстандық өнім шығарамыз» форумы

Форумның негізгі мақсаты қазақстандық тауар, жұмыс және қызмет түрлерін жеткізушілермен ұзақмерзімді серіктестік әріптестік орнату.
 

Шараның негізгі міндеттері:

  • Форум қатысушыларын Корпорацияның жабдықтау стратегиясымен таныстыру;
  • Қазақмыс корпорациясы бөлімшелері мен тауар, жұмыс және қызмет түрлерін жеткізушілермен арадағы диалог алаңын ұйымдастыру;
  • Қазақмыс корпорациясының тауар, жұмыс және қызмет түрлерін жеткізушілерінің көрмесін ұйымдастыру;


Отандық тауарөндірушілер тұңғыш рет 2009 жылы Қарағанды қаласында өткен «Қазақстандық өнімді таңдаймыз» атты І Республикалық форумда бас қосты. «Қазақмыс» корпорациясы Қарағанды облысының әкімдігі мен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен шараның бастамашысы әрі ұйымдастырушысы болды.


Форум жұмысына 600 ге жуық кәсіпкер, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының және қаржы институттарының өкілдері қатысты. Форум аясында ұйымдастырылған отандық тауарөндірушілер көрмесі тауар өндіруші қазақстандық кәсіпорындардың мүмкіндіктерін паш етті.

 

2010 жылы «Қазақмыс» корпорациясы Қарағанды қаласында «Қазақстандық өнімді таңдаймыз» атты II Республикалық форум мен көрме өткізді. Пленарлық жиында қазақстандық қамтуды дамыту туралы мемлекеттік органдардың, «Қазақмыс» корпорациясының өкілдері және отандық өндірушілер баяндамалар жасады. Әрбір секция шеңберінде отандық тауарөндірушілердің проблемалары талқыланып, қазақстандық кәсіпорындардың ынтымақтастық туралы ұсыныстары қаралды.

2012 жылдан бері «Қазақстандық өнім жасаймыз» атты форум жыл сайын Астана қаласында, Тәуелсіздік Сарайында өткізіліп келеді.

2015 жылы Қазақмыс «Қазақстандық өнім жасаймыз» атты VI форумды өткізіп, оған 315 тен астам отандық өндіріс орындары, 755 ірі компания өкілдері, шағын және орта бизнес субъектілері, салалық мемлекеттік ведомстволар және даму институттары қатысты. Форум барысында жаңа кәсіпорындар құру және өнімдер шығару, ынтымақтастық мәселелерін талқылау бойынша диалог алаңдары ұйымдастырылды.

2014 жылы Қазақмыс 167,8 миллиард теңгеге отандық кәсіпорындардың тауарлары мен жұмыс және қызмет түрлерін сатып алу арқылы қазақстандық қамту бағдарламасын табысты жүзеге асырды. Ал, жергілікті қамтудың үлесі 69%-ды құрады.

 


 



Артқа қайту