19.03.2019
ҚҚМЗ-ны модернизациялау аяқталды!

 

 

Ауқымды жобаны іске асыру Қарағанды құю-машина жасау зауытында 2014 жылы басталды.  Өндірісті модернизациялаудағы негізгі мақсат – берілген экономикалық көрсеткіштермен тау-кен металлургиялық өнеркәсібі үшін құрал-жабдықтарды, қосалқы бөлшектерді дайындау мен жасап шығарудың толық циклын ұйымдастыру.

 

 

Жобаның жалпы құны – шамамен 64 млн. АҚШ доллары. Оның  85 % «Өнімділік 2020» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша қарыз қаражаты, 15% «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өз қаражаты.

Жобаны іске асырудың нәтижесінде:  өндіру, түсті металдар металлургиясы мен байыту үшін   қажетті құрал-жабдықтарға қосалқы бөлшектер, тораптар мен механизмдер әзірлеу және жасап шығарудың толық циклымен №1 және  № 2 цехтар   модернизациядан өтті.  Импорттық құрал-жабдықтардың баламасын жасау өндірілетін өнімнің түрлерін көбейтуге мүмкіндік береді.

 

 

Негізгі құрал-жабдықтың 47 бірлігі және  66 бірлік қосалқы құрал-жабдық пайдалануға беріліп, 99 жаңа жұмыс орны ашылды. СББ (Сандық бағдарламалық басқару -ЧПУ) құрылғыларында жұмыс істеу үшін персоналдарды іріктеу мен оқыту жүргізілді.  

ҚарМТУ мен бірлесіп, зауыт аумағында оқу базасы құрылды. Орталық 15 орындық компьютер класымен және оқу үшін SIEMENS NX жүйесінің CAD/CAM және Teamcenter жүйесінің PLM заманауи графикалық  станцияларымен  жабдықталған. 

 

 

2019 жылдан бастап «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС компаниялар тобы үшін  «Maker (Мэйкер)» ЖШС (КЛМЗ) машина жасау өндірісінің көлемін арттыру жоспарлануда.  Осы арқылы сатып алынатынға қарағанда  (импорт алмастыру, жаңа номенклатураны игеру) өзімізде жаслатын қосалқы бөлшектердің үлесін ұлғайтуға болады.

Өндіріске негізгі өнім саналатын SIEMENS БҚ (бағдарламалық қамтамасыз ету) базасында өндірісті конструкторлық–технологиялық дайындау жүйесі енгізілді. Жүйе саймандар каталогындағы барлық бөлшектерді  өндіріске  енгізуге мүмкіндік берді. 

 



Артқа қайту