21.02.2019
Қарағайлы байыту фабрикасын жаңғырту

 

Жобаның мақсаты – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Қарағайлы БФ-дағы кен өңдеу көлемін жылына  1,5 нан 1,7 млн. тоннаға дейін жеткізу. Сондай-ақ, шығарылатын қосымша өнімнің тізімін мырыш және пиритті концентрат түрінде ұлғайту,мыс концентратының сапасын арттыру, металлургиялық балқытуда мыс концентратын өңдеудің өзіндік құнын азайту жоспарлануда.

 

 

Жоба 2015 жылдың сәуірінде іске қосылды,  2019 жылдың тамызына дейінгі аралықты қамтиды. Оның негізгі кезеңдері: 

  • Ұсақтау бөлімшесіне елек орнату;
  • Мыс флотациясын жаңғырту;
  • Ұнтақтау бөлімшесін жаңғырту, жаңа насосты-гидроциклонды құрылғыларды орнату және қолданыстағыларды жаңғырту шаралары;
  • Пиритті және мырышты флотацияны жаңғырту;
  • Сүзу бөлімшесін жаңғырту, қолданыстағы қойылту және сүзу құрылғыларының жұмысын қамтамасыз ету шаралары;
  • Реагентті шаруашылықты жаңғырту;

Жобаның құны – 20 млн. АҚШ доллары.

 Қарағайлы БФ Абыз және Ақбастау кен орындарындағы мыс және мысты-мырышты кенді жылына 1,7 млн. тонна көлемде өңдеу кезінде күтілетіні:   

 

  • 125,9 мың тонна мыс  концентраты,  орташа құрамы және алынуы 17,7% және  87,2%, оның ішінде алтын алу 51,1% деңгейінде;
  • 17,2 мың тонна мырышты  концентрат орташа құрамы мен мырыштың  алынуы  45,2% және 38,4%;
  • 43,3 мың  тонна пиритті  концентрат орташа есеппен алтын алу 15,8%;

 

2019 жылдың ақпан айында байыту фабрикасын жаңғырту жұмыстарының негізгі жұмыстары сәтті аяқталды. Орындалуы - 98% жуық. Ұнтақтау бөлімшесінде жүйені автоматтандыру жұмыстары жүруде.  Сонымен бірге, реагенттерді дайындау және айдау жұмыстарын басқару,  сүзудің технологиялық процесстерін басқару жүйесін  автоматтандыруды іске қосу жұмыстары жүруде.

 



Артқа қайту