Жаңалықтар

ҚАРСАҚБАЙ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕЛЕП БЕРСЕҢІЗ...
20.09.2018

Қарсақбайдан алғашқы мыс қорытпасының алынғанына 90 жыл мерейтойын атап өту аясында, «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС Қарсақбай мыс қорыту  зауыты туралы  мемлекеттік тілде жарияланған  үздік шығармалардың  облыстық байқауын  қорытындылады. 

 

Байқау,  биыл мамыр айында басталып, аймағымыздағы көне Қарсақбай мыс қорыту зауытының қызметін, оның бай тарихын және  еңбек әулеттерін кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді. 20 ға жуық жұмыс қаралды. 

Нәтижесінде, байқаудың бас жүлдесін және 700 000 теңгенің сертификатын «Сарыарқа» (Қарағанды қ.) телеарнасының тілшісі – Әшімхан Жанпейісов жеңіп алды. Бірінші орын және  500 000 теңгенің сертификаты қазылар алқасының шешімімен «Дидар» (Жезқазған қ.) телеарнасының тілшісі – Төлеш Асантегіге табысталды.   200 000 теңгенің сертификаты екінші орынды жеңіп алған «Сарыарқа» (Жезқазған қ.) газетінің тілшісі – Амандық  Рахұлына берілді.  Ал, үшінші орын және 100 000 теңгенің сертикаты «Орталық Қазақстан» (Балқаш қ.) газетінің меншікті тілшісі  – Әлібек Әбдірашқа бұйырды. 

Байқаудың тағы үш қатысушысы ынталандыру сыйлықтары – 65 000 теңгенің сертификаттарымен марапатталды.