Жаңалықтар

«ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ!
28.09.2018

Қарағайлы байыту фабрикасының слесарь-жөндеушісі  Бекен Тәшібаев  III дәрежелі «Еңбек Даңқы» Құрмет Белгісінің иегері атанды.

 

Басшылық  Бекен  Ілиясұлын жоғары білікті, ісіне берік, фильтрлік жабдықтарды қолдану бойынша  жоғары білім деңгейі бар, техникалық кәнігі маман ретінде бағалайды.   46 жастағы  Бекен Тәшібаевтың еңбек өтілі - 28 жыл. Қарағайлы фабрикасында 11 жылдан астам уақыттан бері, оның жеті жылында бригадир ретінде жұмыс істейді.   Басшылық пен әріптестерінің айтуынша, Бекен Тәшібаев өзіне жүктелген міндетті мүлтіксіз атқаратын, жоғары өндірістік көрсеткіштерге жету үшін өндіріс қауіпсіздігін сақтау  және  еңбекті қорғауда өлшеусіз үлес қосып жүрген жан. Ол  үздік қоғамдық инспектор  атанған.   Ұжымда Бекен Ілиясұлы сыйлы, абыройлы. Әріптестері оны озат жұмысшы, бригадир, өндірістік мәдениетті жетік меңгерген ұстаз ретінде бағалайды.