Жаңалықтар

СӘТБАЕВТА ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ
01.10.2018

Қазақстанда «Жеке және ұжымдық қорғану құралдары, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі және еңбекті қорғау, медициналық жабдықтар» атты Бірінші корпоративтік көрме өтуде. Шараның ұйымдастырушысы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қазақстандық және шетелдік 80 компанияны қатысуға шақырған. Көрме 29 қыркүйек пен 1 қазан аралығында, Сәтбаев қаласындағы спорттық-сауықтыру кешенінің Мұз Сарайында өтеді.   

 

  Қатысушылар арасында: медициналық  компаниялар, қорғаныс және гигиена құралдарын өндірушілер, жұмысшылардың киімдері мен аяқ киімдерін шығаратын тігін кәсіпорындары, жеке және ұжымдық қауіпсіздік мәселелерін шешу жөніндегі  инновациялық  компанилар, тағысын тағылар. Көрмеде Қазақстан, Ресей, АҚШ, Германия, Чехия, Жапония және өзге  елдер компанияларының өнімдері ұсынылған. 

 

Көрменің мақсаты мен міндеті: 

- «Қазақмыс» Тобы компанияларының еңбек ұжымдарын және аралас компанияларды жеке және ұжымдық қорғану құралдары саласындағы инновациялармен, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі және еңбекті қорғау, медициналық жабдықтармен таныстыру және беру; 

- «Қазақмыс» Тобының құрылымдық бөлімшелерінде озық технологияларды енгізу және алу;

- баламаларды кеңейту, монополизмді және белгілі брендке басымдық беруді жою;  

- таныстырылымдарды қарау және баспасөз мәслихаттары мен дөңгелек үстелдер өткізу арқылы өндірушілердің жасырын әлеуетін ашу; 

- жеке және ұжымдық қорғану құралдарын, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі және еңбекті қорғау, медициналық жабдықтарды дұрыс әрі тиімді қолдану бойынша оқыту семинарлары мен мастер-кластар өткізу; 

 --  Қазақмыс корпорациясы қауіпсіз өндірісті өзіне басым бағыт ретінде белгілеп отыр. Компанияның ұзақ мерзімді мақсаты – cоңы өлімге алып келетін оқыс оқиғалар санын нөлге дейін азайту. Өз денсаулығы мен өміріне және әріптестерінің қауіпсіздігіне деген жауапкершілікті сезіну  –  табысқа жету жолындағы маңызды принциптердің бірі. Мұндай көрмелерді өткізу – біздің қауіпсіз еңбек мақсатымызды іске асырудағы маңызды қадам. Оның нәтижесі өз  кәсіпорындарымыздағы тәуекелдерді азайту, жоғары сапалы және инновациялық қорғану құралдарын енгізу болуы тиіс,-деді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарушы Кеңесінің Бас директоры Бақтияр Қырықпышев.