Жаңалықтар

ЖАҢА ТӨРАҒА САЙЛАНДЫ
04.10.2018

«Кәсіп Қорған» (бұрынғы «Кәсіп Қазақмыс») тау-кен металлургиялық кәсіпорындар мен аралас өндіріс жұмысшыларының  салалық кәсіби одағының  төрағасы Тысевич Сергей Антоновичтің  өкілеттілігі мерзімінен бұрын аяқталуына байланысты  органның Орталық кеңесі кәсіподақтың жаңа басшысын таңдады. 

 

Жаңа төраға 56 жастағы  Тоғызбай  Тәжбенов, «Кәсіп Қазақмыста» құрылған күннен бастап жұмыс істейді.   Тоғызбай Әбсаматұлы аталған кәсіподақ ұйымын құру кезінде бастамашыл топтың белсенді мүшесі болды, Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаты, Корпорация жүйесінде 35 жылдан астам уақыт  еңбек етіп келеді. Еңбек жолын Оңтүстік Жезқазған кенішінің №45 шахтасында электрослесарь болып бастады.  Екі жоғары білімі   бар. 2016 жылдан бері «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Жезқазған аймағы бойынша әлеуметтік-еңбек қатынастары басқармасын басқарды. 

Тоғызбай Тәжбенов ұжыммен жұмыс істеуде және әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы күрделі мәселелерді шешуде үлкен тәжірибесі бар.  

Ол өзін қарамағындағылар, әріптестері, корпорация басшылары  сыйлайтын адал да тындырымды маман  ретінде  көрсете білді.