Жаңалықтар

ҚАЗАҚМЫСТЫҢ МАШИНА ЖАСАУШЫЛАРЫ!
02.10.2019

Өткен аптада Қарағандыда машина жасау күні дәстүрлі түрде аталып өтті. Қарағанды құю-машина жасау зауытының ұжымы жататын "Мэйкер" ЖШС зауыттық спорт кешенінде өткен салтанатты жиында өздерінің үздік қызметкерлерін марапаттады.

"Қазақмыс Холдинг" ЖШС-нің коммерциялық директоры Виталий Кан мереке иелерін салтанатты түрде құттықтады. Сондай-ақ Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасын металл құрылымдарын құрастырушы слесарьі Хамит Бұлғұнаевқа табыс етті.

 

 

Үшінші дәрежелі "Еңбек Даңқы" төс белгісімен профильші Манат Ақпанбеков марапатталды. "Қазақмыс Холдинг" ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай зауыттың он алты қызметкеріне құрмет грамоталарын табыс етті.

 

 

Мэйкер" ЖШС басқарма төрағасы Жәнібек Байғабелов өз кезегінде, қарағандылық машина жасаушыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, соңғы уақытта қол жеткізген зауыт жұмысының оң нәтижелерін атап өтіп, "Құрмет машина жасаушы" медальімен токаршы Мейрам Аблезов марапатталды. Жәнібек Байғабелов зауыт пен цехтарда әр түрлі қызметте еңбек етіп жүрген он жеті үздіктеріне Құрмет грамоталарын табыс етті.

 

 

Машина жасаушылар одағының Құрмет грамотасы  зауыттың бас технологы Александр Харитоновқа берілді, сондай-ақ марапаттау рәсімі "Нұр Отан" партиясы өкілдігінің, "Қасіп Қорған" кәсіподақ комитетінің және Корпорация жастар одағының наградаларымен жалғасты. 

 

 

Іс-шара соңында "Мейкер" ЖШС Әнұраны орындалып және мерекелік дастархан жайылып би және вокалдық ансамбльдің өнер көрсетуімен аяқталды.

 

 

 

Владимир Одинцов.

Фото авторы.