Жаңалықтар

Жезқазғанда қайта жаңартудан кейін "Қанск" спорт кешені ашылды.
01.10.2019

Спорттық кешеннің салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Сәкен Мұсайбеков, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Басқарма төрағасы Эдуард Огай және "СК NAMYS" ҚҚ қамқоршылық кеңесінің төрағасы Серік Керімбекұлы қатысты.

 

 

Жаңартылған спорт кешенінің ғимаратында Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушыларының қатысуымен еркін, грек-рим күресі,  самбо күресі, дзюдо және бокс бойынша мастер-кластар мен көрсетілім өткізілді. Мерекенің ең кішкентай қонақтары үшін күні бойы анимация және аквагримі бар балалар ойын алаңы жұмыс істеді. Ал "Жастар" саябағының маңайында фестиваль қатысушылары ағаш отырғызды. Сонымен қатар, мереке қонақтары үшін 100 кг-нан астам палау дайындалды.

 

 

Қайта жаңартудан кейін "Қанск" спорт кешенінде күрес, карате, футбол, баскетбол, үстел теннисі бойынша спорт секциялары жұмыс істейтін болады. Жыл сайын спорт нысанын 3000 адамға дейін, оның ішінде өтеусіз негізде қабылдай алады.

 

 

Өткізілген іс-шара аясында "СК NAMYS" ҚҚ мен "Қазақмыс "корпорациясы"ЖШС арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.