Жаңалықтар

Шахтер күніне арналған Bank RBK сыйлықтары
29.08.2019

Басқарушы директор Марат Джилкибаев бастаған Bank RBK өкілдері Сәтбаев қаласының тұрғындары мен кеншілерін қаланың басты мерекелерінің бірі – Шахтер күнімен құттықтады.

Мереке құрметіне орай Bank RBK бірқатар сыйлықтар, атап айтқанда, «На-гора кэшбэгі» науқанын дайындады. Мереке күндері, яғни 23-25 тамыз аралығында супермаркеттерде және азық-түлік дүкендерінде сауданы Банк карточкалары арқылы жасай отырып, «Қазақмыс» корпорациясының қызметкерлері жасаған сауда сомасының 20% мөлшерінде еңбекақы карточкасына кэшбэк алу мүмкіндігіне ие болды. Осыған орай, Банк мереке күндері 2 млн теңгеден аса сомада кэшбэк төледі. 

 

 

Бұдан өзге, «Қазақмыс» қызметкерлері үшін, Bank RBK «Технодом» сауда желісінен 50 мың теңгеден 10 сыйлық сертификатын ойнатты. Қоршаған ортаны қорғау департаментінің шаң мен газды талдау лаборанты Ольга Долотова басты жеңімпаз атанды, себебі, ол шілде айы бойы Bank RBK картасымен 70 рет сауда жасаған. Жеңімпаз жаймашуақ Египет еліне баруға сертификат жеңіп алды, енді ол отбасымен бірге Қызыл теңіздің жағасына демалысқа барады.

Сондай-ақ, Банк Ольга Долотоваға айрықша басымдықтар беретін Visa Platinum сыйақылық карточкасын, барлық отбасы мүшелерін қорғайтын сақтандыру сертификатын және бүкіл әлем бойынша әуежайлардың VIP-аймақтарына баруға мүмкіндік беретін Priority Pass карточкасын сыйға тартты.

 

 

Бұдан өзге, Bank RBK Египет еліне жолдамаларды ойнататын жаңа науқанды хабарлады. Бұл акцияға «Қазақмыс» корпорациясының еңбекақы карточкаларын ұстаушылардың барлығы қатыса алады. Ол үшін кез келген сауда орындарында, Интернет желісінде банк карточкасын пайдалана отырып, сауда жасау немесе кез келген қызметті Bank RBK мобильді банкісі арқылы төлеу жеткілікті. Осы орайда, ұтыс ойынына қатысу үшін операцияның ең төменгі мөлшері небәрі 100 теңгені құрайды.

Банк қыркүйек-қараша аралығында ай сайын жолдамаларды ойнататын болады. Ұтыс ойынында  әр операция ескерілетін болады.