Жаңалықтар

Нәтижелі ынтымақтастық
23.08.2019

«Severance-KZ» Халықаралық медициналық қорының Президенті Л. Ан Корея Республикасының Физиотерапевтер қауымдастығының Президенті Ли Ген Хи мырзамен бірге, Кореяның жетекші медицина мекемелерінің 12 физиотерапевт-дәрігерінен тұратын делегациясының «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жезқазған Медициналық орталығына» жұмыс сапарын ұйымдастырды.

 

Жоғары білікті дәрігерлер ауруханының жай-күйімен және жабдығымен танысты, 800 астам пациентті қабылдап, кеңес берді, емдеді, қазақстандық әріптестері үшін педиатрия, кардиология, неврология, ортопедия, кардиопульмонология салаларындағы оңалтудың инновациялық әдістері бойынша мастер-класс жүргізді. 

 

 

Сапар барысында Корея Республикасының Физиотерапевтер қауымдастығының Президенті Ли Ген Хи мырза Донг Шин университетінің физиотерапия бойынша ғылым докторы Янг Сен Хунг мырзамен бірге, Жезқазған қ. қалалық ауруханасының нейрооңалту және балаларға арналған оңалту орталықтарында толық жұмыс күндерін өткізді.

 

 

Ынтымақтастықты одан әрі дамыту, тәжірибе алмасу және мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында, «Severance-KZ» ХМҚ ҚҚ, ҚР Физиотерапевтер қауымдастығы мен «Жезқазған Медициналық орталығы» ЖШС арасында физиотерапия және оңалту бағытындағы ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды.

 

 

- Біз ұжымның және корпорация кәсіпорындары орналасқан жерлердегі тұрғылықты халықтың алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті дамытудың зор маңыздылығын түсінеміз, сондықтан да волонтерлердің бұл бағдарламасын іске асыру мүмкін болды – деді «Kazakhmys Holding» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Викторович Огай.