Жаңалықтар

Қазақмыс «Ұлытау нан» нан зауытын иеленді
19.08.2019

Қазақмыс Тобы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Ұлытау нан» ЖШС 100 пайыз акциясын иеленді. Заманауи нан зауыты Жезқазғанда былтыр ашылған болатын.

Алдағы уақытта кәсіпорын шығарылатын өнім түрлерін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Нан өнімдерінен бөлек, тұтынушылар кондитерлік өнімдерді де сатып ала алады. Бөлшек саудадан бөлек, аймақтың шалғай аудандары мен Топтың кәсіпорындарына нан өнімдері күнделікті жеткізіп тұрмақ.

 

 

Компанияның есебінше, зауытты басқаруға тәжірибелі менеджерлердің араласуы кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуіне, әрі қарай дамуына, сондай-ақ, Жезқазған өңірінің тұрғындарына жоғары сапалы өнім ұсынуға кепілдік береді.